ШҰҒЫЛ! ЛАТЫН ӘЛІПБИІ ЕНГІЗІЛЕ БАСТАЙДЫ Толығырақ

ІРІ КӘСІПОРЫНДАРДА КӘРІЗ ҚҰБЫРЫНЫҢ ҚЫЗМЕТІ ТОҚТАТЫЛДЫ

20:57, 12 маусым 2019

Қаладағы жағымсыз иіс кәріз құбырларынан шығып жатыр. Зауыттар ғана емес, бұған мейрамханалар, дәмханалар да кінәлі. Олар өнідіріс қалдықтарын, тамақ қалдықтарын кәріз жүйелеріне төгеді. Ал, өңделмейтін қоқыс ластанып, ауаға тарайды. "Ақбұлақтың" мамандары тазарту құрылғыларын қондырыңдар деген ескертуіне құлақ аспағандардың кәріз құбырын бүгін барып жапты. Бірақ мұнымен келіспегендер дау шығарды.

Ірі мейрамханалардың су құбыры мен кәріз жүйесіне "Ақбұлақ" АҚ-мы бірнеше рет сынама жасаған. Сараптама қорытындысында ондағы зиянды заттардың шамадан тыс мөлшерде екені анықталған. Оның ішінде химиялық және биохимиялық, суда ерімейтін заттардың көрсеткіші өте жоғары. Жауапты мекеме 14 кәсіпорынның су қызметін пайдалануына және 10 мекеменің кәріз құбырының қызметін қолдануына шектеу қойып жатыр.      

Кәрізге өнеркәсіп орындары ерімейтін қатты қалдықтарын тастаса, автокөлік жанар май құю бекеттері, азық-түлік өндіретін орындар мен мейрамхана, асханалар майлы сұйық қалдықтарды төгеді. Сондықтан мұндай қызмет көрсету орындарында локалдық тазалағыш құрылғылары болуы қажет. Өкінішке орай, бұл қондырғы көптеген ұйымдарда жоқ, бар болса да, ескірген. 

"Кәріз жүйесіне қатысты санитарлық ережелер сақталмаған  ғимараттарда ажыратылған қызмет аталған жүйе әбден тазартылып болмайынша қосылмайды",- деді "Ақбұлақ" АҚ-мы басшылығы.

ГҮЛНАРА ЖОЛЖАНОВА

Тақырып бойынша материалдар

ЖАСӨСПІРІМДЕР МӘСЕЛЕСІ  АЛАҢДАТАДЫ
20:52, 16 қыркүйек 2019
ЖАСӨСПІРІМДЕР МӘСЕЛЕСІ АЛАҢДАТАДЫ
Толығырақ...
IT ТЕХНОЛОГИЯЛАР ТҮРЛІ САЛАДА ҚОЛДАНЫСҚА ЕНЕДІ
20:46, 16 қыркүйек 2019
IT ТЕХНОЛОГИЯЛАР ТҮРЛІ САЛАДА ҚОЛДАНЫСҚА ЕНЕДІ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

ҚАРАПАЙЫМ АДАМДАРДЫҢ МҮДДЕСІ ҚОРҒАЛАДЫ
20:10, 10 қыркүйек 2019
ҚАРАПАЙЫМ АДАМДАРДЫҢ МҮДДЕСІ ҚОРҒАЛАДЫ
Толығырақ...
ЕЛБАСЫ МӘЖІЛІС ТӨРАҒАСЫН ҚАБЫЛДАДЫ
20:15, 10 қыркүйек 2019
ЕЛБАСЫ МӘЖІЛІС ТӨРАҒАСЫН ҚАБЫЛДАДЫ
Толығырақ...
ҚАРАПАЙЫМ ЗАТТАР ЭКОНОМИКАСЫ - МЕМЛЕКЕТТІҢ ҚОЛДАУЫ
19:52, 13 қыркүйек 2019
ҚАРАПАЙЫМ ЗАТТАР ЭКОНОМИКАСЫ - МЕМЛЕКЕТТІҢ ҚОЛДАУЫ
Толығырақ...