ШҰҒЫЛ! БІЛІМ БЕРУ САЛАСЫНЫҢ ЖАЙ-КҮЙІ ТАЛҚЫЛАНДЫ Толығырақ

Іскер әйелдер бас қосты

16:32, 15 желтоқсан 2017

Ырғызда іскер әйелдер форумы өтті. Облыстың ең шалғай ауданындағы қыз-келіншектердің тірлігін көріп, кәсіпті жүргізу туралы кеңестерін беріп келді. Отбасының да, ауылының да несібесін арттырып отырған үздіктерін марапаттады. Ырғызда қандай шаруа атқаруға болатынын кеңесті.

Іскер әйел - табысты келешек. Осындай тақырыпта өткен кездесуге шағын және орта кәсіпкерлік секторда ісін өрге жүздірген бір топ бизнес бикелер жиналды. Ырғызда тұратын 200-ге жуық әйел кездесуге келіп, өздері жасаған бұйымдарын көрсетті. Бірі тігінші, бірі тәтті торттар пісіріп сатады. Шебер ісмер, саудагер, шаштараз, тіпті такси қызметін тізгіндеген әйел де осы Ырғыздан табылды. Облыс орталығынан барған өкілдерге қоятын сұрақтары көп.

Ырғызда туризмді дамыту мүмкіндігі бар. Өткен жылы аудан орталығына газ құбыры тартылды. Мұндағы Ырғыз-Торғай мемлекеттік табиғи резерваты республикаға танымал қорық. Сондықтан, мұнда келемін, көремін деген туристерге жағдай жасау үшін кәсіпкерлік сектордың көмегі керек. Тың идеялар жетпейді. Бұл туралы ауданның әкімі Мәди Елеусізов форум аясында өткен басқосуда айтып өтті.

Кездесу қорытындысында іскер әйелдер ырғыздық кәсіпкердің отбасы ашқан қоғамдық моншаның тұсаукесер рәсіміне қатысты. Алыс ауданда осындай кәсіптің қатарын көбейту керек десті.

Айгүл Байменова 

Тақырып бойынша материалдар

ТҮНДЕ КӨШЕДЕ ЖҮРГЕН ЖАСӨСПІРІМДЕР ПОЛИЦИЯ БӨЛІМІНЕ ЖЕТКІЗІЛДІ
21:14, 6 желтоқсан 2019
ТҮНДЕ КӨШЕДЕ ЖҮРГЕН ЖАСӨСПІРІМДЕР ПОЛИЦИЯ БӨЛІМІНЕ ЖЕТКІЗІЛД...
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

19:38, 5 желтоқсан 2019
ОҚУШЫЛАР АРАСЫНДА ПӘНДІК ОЛИМПИАДА БАСТАЛДЫ
Толығырақ...
ЖАУАПСЫЗ БАСШЫЛАР ЖҰМЫСТАН БОСАТЫЛАДЫ
21:30, 4 желтоқсан 2019
ЖАУАПСЫЗ БАСШЫЛАР ЖҰМЫСТАН БОСАТЫЛАДЫ
Толығырақ...
ЕСТУ ҚАБІЛЕТІ ТӨМЕН БАЛАЛАР ҚАМҚОРЛЫҚҚА АЛЫНДЫ
18:29, 5 желтоқсан 2019
ЕСТУ ҚАБІЛЕТІ ТӨМЕН БАЛАЛАР ҚАМҚОРЛЫҚҚА АЛЫНДЫ
Толығырақ...