ШҰҒЫЛ! 320 шетел азаматы әкімшілік жауапқа тартылды Толығырақ

Іскер әйелдердің ұсыныстары қаралды

16:42, 7 желтоқсан 2017

Әйел кәсіпкерлігінің алға жылжуы үшін мемлекеттік органдар, екінші деңгейлі банктер тарапынан қолдау қажет. Әсіресе, ауыл кәсіпкерлеріне, оның ішінде ісін жаңадан бастауға бел буған әйелдерге гранттар бөлінуі тиіс. Облыс әкімі жанындағы әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саяcат жөніндегі комиссияға жиналғанда осындай ұсыныстар айтты.

Іскер әйелдер бүгінде бірнеше мәселеге кезігіп жүр. Соның бірі - екінші деңгейлік банктерден несие алу өте қиын дейді мамандар. Кепілдікке ақша емес, баспана сияқты қымбат мүлік қойғанда ғана, олар құжаттарды қарап, шешім қабылдайды екен. Ал екінші мәселе - мемлекеттік мекемелердің қолдауы. Жеке ісі бар әйелдердің туындаған сұрақтарына мемлекеттік қызметкерлердің оңтайлы жауап беруі маңыздырақ.

Іскер ханымдар бас қосқан жиында әлеуметтік саладағы бизнес жайы айтылды. Коммуналдық тарифтердің өсуі, азық-түліктің қымбаттауы себепті балабақшаға баратын бала үшін төленетін соманы арттыру ұсыныс ретінде қаралды. Облыс әкімінің орынбасары бұл сұрақтың қаралып жатқандығын тілге тиек етті.

ЕРБОЛ НҰРҒАЛИЕВ, АҚТӨБЕ ОБЛЫСЫ ӘКІМІНІҢ ОРЫНБАСАРЫ

-  Иә расымен де сұрақ - күн тәртібінде тұр. Мәселені зерттеп көрдік. Балабақшаға дипломы бар мамандарды алу үшін оларға сәйкесінше жоғары жалақы төлеу керек. Сондықтан мектепке дейінгі ұйымды ашқан кәсіп иесі білімі жоқ адамдарды жұмысқа алады. Балабақшаға төлейтін қаржының 19 мың теңгеден 25 мыңға дейін көтеру мәселесін қарап жатырмыз. Тиісті шаралар қабыланады.

Қазіргі таңда Ақтөбе облысы бойынша 49443 шағын және орта кәсіпкерлік құрылымы жұмыс істеп тұр. Оның 24 мыңнан астамы - бизнес-бикелердің мұрындық болуымен экономикаға үлес қосып келеді. Биылдың өзінде 2255  әйел кәсіп ашудың қыр-сырын меңгерген.

Гүлбағда Қайратқызы

Тақырып бойынша материалдар

Мыс компаниясы жұмысшылар жалақысын 10 %-ға көтереді
20:28, 22 ақпан 2018
Мыс компаниясы жұмысшылар жалақысын 10 %-ға көтереді
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

Үй тонау, мал ұрлау деректері көбейген
18:51, 16 ақпан 2018
Үй тонау, мал ұрлау деректері көбейген
Толығырақ...