ШҰҒЫЛ! БІЛІМ БЕРУ САЛАСЫНЫҢ ЖАЙ-КҮЙІ ТАЛҚЫЛАНДЫ Толығырақ

ІЗТАЙ МӘМБЕТОВТІҢ ТУҒАНЫНА 90 ЖЫЛ

20:45, 15 қараша 2019

 

Биыл ақын Ізтай Мәмбетовтің туғанына 90 жыл. «Әдебиет. Рух. Қоғам» форумы аясында Алға ауданында ақынға ескерткіш бюст орнатылып, мектепте оқу кабинеті ашылды. Өңірге келген ақын-жазушылар Ізтай Мәмбетовтың өмірі мен шығармашылығына негізделген қойылымды тамашалады. Ауданда өткен әдеби кеш туралы тілшіміз айтып береді.  Республикалық форумның Алғадан бастау алуы бекер емес. Қазақтың лирик ақыны, журналист, аудармашы Ізтай Мәмбетовтың туғанына биыл  90 жыл. Осыны ескерген ел жазушылары  ақынның  кіндік қаны тамған Бесқоспа ауылында басқосты. Ауыл мектебінен Ізтай Мәмбетовтің құрметіне арнап оқу кабинеті ашылды. Онда лирик ақынның жыр жинақтары, аудармалары, мақалалары жинақталған. Кабинетті салтанатты ашу құрметі ақын Ұлықбек Есдәулет пен ақынның қызы Жібек Мәмбетоваға берілді. Форум қатысушылар кейін Алға қаласына жол тартты. Мұнда Ізтай Мәмбетов көшесінде ақынның ескерткіш бюсті ашылды. Ашылу салтанатына аудан әкімі мен тұрғындар, еліміздің әр өңірінен келген ақын-жазушылар, ізтайтанушылар қатысты.  Әдеби шара «Заманай» халықтық театрының «Күлімдеген қара көздер-ай» атты сахналық қойылымымен жалғасты. Сахналық қойылым Ізтай Мәмбетов өмірінен алынған.  Қоюшы автор - ақын Нұрлыбек Қалауов.
Шара соңында көрнекті ақынның «Табанталда қалған із» кітабының тұсаукесері өтті. Онда І.Мәмбетовтың зерттеу еңбектері, бұрын жарық көрмеген өлеңдері, сондай-ақ ақынға арналған жырлар мен қоғам қайраткерлерінің ой-пікірі топтастырылған. 

Тақырып бойынша материалдар

Танымал жаңалықтар

19:38, 5 желтоқсан 2019
ОҚУШЫЛАР АРАСЫНДА ПӘНДІК ОЛИМПИАДА БАСТАЛДЫ
Толығырақ...
13:37, 9 желтоқсан 2019
НАГРАЖДЕНЫ ПОБЕДИТЕЛИ КОНКУРСА СОЧИНЕНИЙ ПО ПОСЛАНИЮ...
Толығырақ...
ЖАУАПСЫЗ БАСШЫЛАР ЖҰМЫСТАН БОСАТЫЛАДЫ
21:30, 4 желтоқсан 2019
ЖАУАПСЫЗ БАСШЫЛАР ЖҰМЫСТАН БОСАТЫЛАДЫ
Толығырақ...