ШҰҒЫЛ! ҮЙ ТОНАУШЫЛАР КӨБЕЙДІ Толығырақ

"ІЗТАЙ ОҚУЛАРЫ - 2018" БАЙҚАУЫ ӨТТІ

18:17, 10 тамыз 2018

Алғалықтар танымал ақын Ізтай Мәмбетовтің 90 жылдығына арналған кезекті шарасын да Ақтөбеде өткізді. Облыстық кітапханада ұйымдастырған "Ізтай оқулары 2018" сайысына өңірдің жеті ауданынан 20 оқушы қатысты. Олардың өнерін мәдениет саласының майталмандары бағалады.

"Ізтай оқулары 2018" байқауы соңғы жылдары дәстүрге айналған сайыстардың бірі. Алғашқыда аудандық деңгейде өтсе, кейін облыс көлемінде ұйымдастыру қолға алынды. Мақсат - қазақтың лирик, эпик ақынының шығармаларын кеңінен насихаттау. Бүгінгі байқауға келгендер алдымен Ізтай Мәмбетовтің туындылары, аудармалары қойылған көрмені тамашалады. Ал, сайысқа облыстың жеті ауданынан 14 пен 16 жастағы мектеп оқушылары қатысып, ақын өлеңдерін жатқа оқыды. 

Байқау барысын белгілі ақындар мен мәдениет саласының мамандары бақылады. Қатысушылардың өнерін тамашалап, оң бағасын берді. Ал, нәтижесінде топ жарған жүлдегерлерге бағалы сыйлықтар мен мақтау қағаздары табыс етілді. Кейін алғалықтар Ақтөбедегі аудан күні аясында қарттар үйінде болып, мұндағы тұрғындарға концерттік бағдарламасын ұсынды. 

"Қарттарым, аман-сау жүрші" тақырыбында өткен концертте Тамды ауылдық клубының ұжымы өнер көрсетті. Ән айтып, би биледі. Шара барысында, мұндағы 200-ден астам тұрғынға қайырымдылық түскі ас берілді. 

Әнуарбек Мырзатайұлы

Тақырып бойынша материалдар

Танымал жаңалықтар

ЖЕРГІЛІКТІ БЮДЖЕТТЕН 100 БІЛІМ ГРАНТЫ БЕРІЛДІ
14:09, 15 тамыз 2018
ЖЕРГІЛІКТІ БЮДЖЕТТЕН 100 БІЛІМ ГРАНТЫ БЕРІЛДІ
Толығырақ...
"БАҚЫТТЫ БАЛА" ЖОБАСЫ СӘТТІ ЖҮЗЕГЕ АСТЫ
18:32, 15 тамыз 2018
"БАҚЫТТЫ БАЛА" ЖОБАСЫ СӘТТІ ЖҮЗЕГЕ АСТЫ
Толығырақ...