ШҰҒЫЛ! "БАҚЫТТЫ ОТБАСЫ" БАҒДАРЛАМАСЫНА ҚОСЫМША ҚҰЖАТТАР ҚАБЫЛДАНАДЫ Толығырақ

"JASTAR" - БОЛАШАҚҚА ЖОЛ БАСТАР

18:44, 12 тамыз 2019

​ Jastar - болашаққа жол бастар. Осындай атаумен Ойыл ауданында аймақтық жастар форумы өтті. Оған Ақтөбе, Атырау, Батыс Қазақстан облыстарынан 100-ге жуық жас келді. Форумға жиналған  жас кәсіпкер, ерікті, студенттер мен жұмысшылар ашық диолог құрып, өз идеяларымен бөлісті. Әр аймақтың тәжірибесін ортаға салып, алда бірлесе атқарар істерді талқылады. Жастар форумы бұған дейін Ойыл ауданының 6 округінде өтті. Қорытынды шараға келген жастар сап түзеп көпшілік алында шықты. Бүгінде Ойыл ауданында 5000 мыңнан аса жас бар. Олардың бір мың жеті жүзі аудан орталығында. Үш мыңы ауылда тұрады. Барлығы да ортақ іске бірлесе жұмыла, бірліктерін көрсете біледі,-дейді жастарға ықыласын білдірген аудан басшысы.

АСҚАР ҚАЗЫБАЕВ /ОЙЫЛ АУДАНЫНЫҢ ӘКІМІ

Осы ауданның өркендеуіне үлес қосатын қозғаушы күші жастар. Сол жастарға біз әрдайым қолдау көрсетіп, биылғы жастар жылында дем беруге әзірміз. Елбасының өзі осы жас буын өкілдеріне қолдау көрсетуді тапсырды. Сондықтан әр жас осы сезініп, белсенді болуы керек. Жетістік - маңдай теріңмен тапқан ақшаң. Соның өзі саған үлкен мәртебе. Осыны біз әрдайым есімізден шығармауымыз керек. 

Жастар жылы аясында ауданда 4 рет бос орындар жәрмеңкесі өткізіліп, 18-29 жас аралығындағы 140 адам жұмысқа орналасты. 35-і қосымша мамандық меңгеріп, 6 жас несие алып кәсіп бастады. Бұл жетістіктің барлығы форумда сөз болды. Дипломмен Ойылға келген жастарға баспана тапшылығы қиын. Форумда 29 жасқа дейінгі 33 жас пен жас отбасының кезекте тұрғаны белгілі болды. Ауданда 2 пәтерлі 6 тұрғын үй пайдалануға берілген. Әлі де қажет. Бұл Ойыл ауданы емес өзге өңірлерге тән мәселе,-дейді қатысушылар. Бұл басқосу тәуекелшіл жаңа заманның жас буынын бірлікке, еңбекке насихаттаудың бастамасы,-дейді жиналғандар.

АРДАҚ БЕКНИЯЗОВА /ОБЛЫСТЫҚ ЖАСТАР РЕСУСРТЫҚ ОРТАЛЫҒЫ БАСШЫСЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ

Бұл шараның негізгі мақсаты - жастар арасындағы тәжірибие алмасуды, ынтымақтастықты насихаттау. сонымен қатар белсенді жастарымызды марапаттау. Мұның барлығы да жастардың белсенділігін арттыру үшін, қоғамда өзінің маңызды рөлін арттыру үшін жасалынып жатқан шаралар.

Ойыл ауданына көршілес Атырау, Батыс Қазақстан облысынан келген жастар өзара тәжірибе алмасты. Ортақ мәселені талқылап, ойларын ортаға салды.

ЭЛЬДАР АМАНТАЕВ /БАТЫС ҚАЗАҚСТАН ОБЛЫСЫ, ҚАРАТӨБЕ АУДАНЫ ЖАСТАР РЕСУРСТЫҚ ОРТАЛЫҒЫНЫҢ БАСШЫСЫ

Форумда өз ұсынысымды білдірдім. Үш ауданның достығы ретінде бір уақытты белгілеп, ауданнның достығын нығайту мақсатында меморандумға қолы қойылып, "Болашаққа бағдар: Рухани жаңғыру" бағдарламасы аясында "Достығымыз жарасқан" атты реалити-форумда далада басқосу өткізгіміз келіп отыр.

КӘРІМ ҚУАНЫШБЕК /АТЫРАУ ОБЛЫСЫ, ҚЫЗЫЛҚОҒА АУДАНДЫҚ АУДАНЫ ЖАСТАР РЕСУРСТЫҚ ОРТАЛЫҒЫНЫҢ БАСШЫСЫ

Жастар күні барлығымызға ортақ мереке болғандықтан  бірге атап өтудің артықтығы жоқ. Бір-бірімізді қонаққа шақырып, тәжірибе алмасқанымыз жақсы деп ойлаймын. Әрі қарай осылай әріптестігіміз, ынтымықтастығымыз жараса берсін.

Форум аясында жастарды еліміздің түкпір-түкпірінде жүрген Ойыл ауданының танымал азаматтар құттықтап, сәттілік тіледі. Аудандағы белсенді жастар марапатталып, өзгелерге үлгі етілді. Көкжарда басталған шара жалғасын табады деп тарқасты жастар.

Азамат Әбілқайыр

Тақырып бойынша материалдар

ШАҺАР БАСШЫСЫ КЕҢҚИЯҚТЫҚ ОҚУШЫЛАРМЕН КЕЗДЕСТІ
19:44, 16 тамыз 2019
ШАҺАР БАСШЫСЫ КЕҢҚИЯҚТЫҚ ОҚУШЫЛАРМЕН КЕЗДЕСТІ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

АҚТӨБЕЛІК БАЛУАНДАР - БЕЛБЕУ КҮРЕСІНЕН ӘЛЕМ ЧЕМПИОНЫ
20:42, 14 тамыз 2019
АҚТӨБЕЛІК БАЛУАНДАР - БЕЛБЕУ КҮРЕСІНЕН ӘЛЕМ ЧЕМПИОНЫ
Толығырақ...
801 АДАМ МАГИСТРАТУРАҒА ЕМТИХАН ТАПСЫРДЫ
21:24, 14 тамыз 2019
801 АДАМ МАГИСТРАТУРАҒА ЕМТИХАН ТАПСЫРДЫ
Толығырақ...