ШҰҒЫЛ! БАЛАБАҚШАЛАР ЖҰМЫСЫ КЕЙІНГЕ ШЕГЕРІЛДІ Толығырақ

ҚАЙЫРЫМДЫ ІС

16:47, 18 ақпан 2020

Биыл - Волонтер жылы. Байғанин ауданы әкімдігі мен жастар ресурстық орталығы Еріктілер жылының салтанатты ашылу рәсімін өткізді. Шараның мақсаты - мемлекеттік жастар саясатын жүзеге асыру, жастарды қолдау, ерікті қызметін дамыту. Аудан әкімі  Қайрат Отаров жастармен кездесіп, "Біз біргеміз" акциясының мән-мағынасы түсіндірілді. Биыл волонтерлер 7 бағыт бойынша қайырымдылық жұмыстарына қатысады. Мәселен, "Саулық" бағытында денсаулығы сыр берген адамдарға көмек көрсетіледі. Осыған орай ауданда «Қайырымды жандар» атты шағын футболдан жарыс ұйымдастырылды. Ойынға қатысу жарнасы - 10 мың теңге. Жиналған қаржы Жанәділ  Ержановтың еміне жұмсалады. Айта кетейік, жеңіске жеткен және қатысқан барлық команда диплом, алғыс хаттармен марапатталды.

Тақырып бойынша материалдар

Танымал жаңалықтар