ШҰҒЫЛ! КАРАНТИН ЕРЕЖЕСІН БҰЗДЫ Толығырақ

ҚАЛА БЮДЖЕТІ НАҚТЫЛАНДЫ

21:13, 20 наурыз 2020

 

Биыл да қала бюджетінің басым бөлімі әлеуметтік салаға жұмсалады. Тұрғын үй сертификаты үшін 300 миллион теңге қарастырылған. Бұл аз қамтылған, көпбалалалы отбасылардың мемлекеттік бағдарлама бойынша баспаналы болуына бағытталған шешім. Сонымен қатар, мектеп құрылысы да жалғасады. Қазына қаржысы тағы қай салаға бағытталды? Келесі бейнематериалда... 
Биыл қаржының басым бөлігі құрылыс саласына бағытталды. Мәселен, 2019 жылы құрылысы басталған 16 тұрғын үйге 7 млрд теңге қарастырылған. Жалпы тұрғын үй - коммуналдық шаруашылығы және жолаушылар көлігі мен автомобиль жолдары бөлімінің шығыны 144 млн 895 мың теңгеге көбейтілген. 
Депутаттар мен қоғамдық кеңес мүшелері бұқаралық спортты дамытуға ден қою қажет дейді. Әсіресе, қала маңындағы елді-мекендерде дене шынықтыру нысандарының құрылысы жыл сайын айтылып, шешімі табылмай келеді. Ақжар 1, Ақжар 2, Кірпіштіде 17 мың халық бар. Онда бірде  бокс, күрес, жеңіл атлетика нысаны жоқ.  Қалалық бюджеттің қаржысы осылайша бағыт-бағдармен жұмсалмақ. Онда көп балалы, мүгедек және толық емес отбасыларға қажетті көмекке басымдық берілген. 

ГҮЛНАРА ЖОЛЖАНОВА

Тақырып бойынша материалдар

МЕКТЕП-ИНТЕРНАТ ҚҰРЫЛЫСЫ АЯҚТАЛУҒА ЖАҚЫН
16:57, 7 тамыз 2020
МЕКТЕП-ИНТЕРНАТ ҚҰРЫЛЫСЫ АЯҚТАЛУҒА ЖАҚЫН
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар