ШҰҒЫЛ! БІЛІМ БЕРУ САЛАСЫНЫҢ ЖАЙ-КҮЙІ ТАЛҚЫЛАНДЫ Толығырақ

ҚАЛА ДАМУЫ ҚАРҚЫН АЛМАҚ

21:52, 8 қараша 2019

Ақтөбе қаласындағы жолдардың 50 пайызы асфальтталды. Бірақ барлығы бірдей талапқа сай емес. 40 жолды жөндеуге 11 миллиард теңге қарастырылып отыр. Бұдан өзге қаланың дамытуда қолға алынған негізгі 5 нысан бар. Бүгін Ақтөбе қаласының әкімі Мавр Абдуллин әрқайсысын аралап, көшпелі баспасөз мәслихатын өткізді.Бірінші нысан - 12-шағын аудандағы №51-ші мектеп алдында орташа жөнделген авотөклік жолы.  423 метр жерге тас жол төсеу үшін 68 миллион теңге бөлінді. Бұл аумақтың көше жолын көктем мен күзде лай басады. Жүру қиын. Қазір мердігер компания тас төсеніш салып, автотұрақ орнатуда. Мұндағы тағы бір мәселе қоқыс болатын. Қазір жаңа контейнерлер орнатылып жатыр. Көлік нөпірі көп жолдардың бірі - Сәңкібай батыр даңғылы. 12-шағын ауданның айналма жолынан Ә.Молдағұлова даңғылы аралығы. Соңғы рет 10 жыл бұрын күрделі жөндеу жасалған. Келер жылы қайта жаңарту жоспары бар. Жобаның жалпы құны - 1 млрд 62 млн теңге. Даңғыл бойының 3 384 метрі қайта жаңартылады. Айналма жолдан Ғ.Жұбанова көшесіне дейінгі бөлігі 4 жолақты, ал Ғ.Жұбанова көшесінен Ә.Молдағұлова даңғылына дейінгі бөлігі 6 жолақты болады. 3 метр жүргіншілер, 1 метр веложолақ салынады. Көшеге LED экран орнату да осы жоба аясына еніп отыр.Бұдан соң, қала әкімі  Батыс-2 шағын ауданындағы №64 мектепке барды. Халық шоғыры көбейген ауданда оқушылар саны артып келеді. Мектеп үш аусымда жұмыс істеуге мәжбүр. Қазір мұнда  1 600 бала білім алып жүр. Қазір қалада үш аусыммен оқытатын 8 мектеп бар. Мәселені шешу үшін  Батыс-2 ауданынан 1200 және 600 орындық екі мектеп салынады. Құрылысы басталып кетті. Жаңа мектептер  2020 жылдың 1 қыркүйегінде пайдалануға беріліп, мемлекеттік тапсырыс негізінде жұмыс жасайтын болады. Апатты жағдайдағы үйлер де қала әкімдігінің қадағалауындағы мәселе.Шаһарда 17 көп қабатты апатты үй тіркелген. Онда 540 адам тұрады. Мәселе мемлекеттік жекеменшік серіктестік аясында жүзеге асатын болады.«Жастар Құрылыс компаниясы»  Жаңақоныс ауылында 250 пәтерлі көпқабатты 5 үй салмақшы. Құрылыс аяқталған кезде апатты үй тұрғындары «Сәттілік» тұрғын үй кешенініне көшіріледі. Алдағы үш жылда қала дамуы қарқын алмақ. Жол, жарықтандыру, қаланың қас бас бетін қалыпқа келтіруге аса мән беріледі. Әрине, барлығы қаражатқа байланысты. Қазына қаржысын тиімді жұмсап, инвестор тарту-басты мақсат. Осындай әдіспен қала аумағы тазартылып, кәріз жүйелері жөнделеді. Жоспарлы істің барлығы халық игілігі үшін атқарылмақ.

 Венера Серғазы

Тақырып бойынша материалдар

Танымал жаңалықтар

ОБЛЫС ӘКІМІ ЖҰМЫСШЫЛАР ЖАЛАҚЫСЫН КӨТЕРУДІ ТАПСЫРДЫ
18:54, 15 қараша 2019
ОБЛЫС ӘКІМІ ЖҰМЫСШЫЛАР ЖАЛАҚЫСЫН КӨТЕРУДІ ТАПСЫРДЫ
Толығырақ...