ШҰҒЫЛ! ЖЕРГІЛІКТІ ӨНІМ ӨЗІМІЗГЕ ЖЕТПЕЙДІ Толығырақ

ҚАЛА ӘКІМІ КІТАП СЫЙЛАДЫ

20:05, 11 маусым 2019

Қала әкімі үйіндегі кітаптарын кітапханаға әкеліп тапсырды. Ақтөбеде қазір "Кітпаханаға кітап сыйла" акциясы өтуде. Мақсаты - кітапхана қорларын толықтырып, халықтың рухани байлығын дамыту. Абай атындағы кітапхана үшін бұл шара дәстүрге айналған.

Ілияс Испанов "Абай" атындағы №1 қалалық кітапханаға 50 ге жуық кітап сыйлады. Сөреден орын алған кітаптардың ішінде еліміздің тұңғыш президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың туындылары бар. Сондай-ақ, философия ғылымдарының докторы Алтай Тайжановтың, халықаралық "Невада"Семей" антиядролық қозғалысы аймақтық филиалының директоры Ізімғали Көбенов пен қоғам қайраткері Сапар Сағынтаевтың кітаптары бар. Шаһар басшысы қала тұрғындарын акцияға қатысуға шақырды.

Кітапхана халық шоғырланатын жерлер мен орталықтарда орналасуы тиіс. Сонда ғана оқырман саны көбейеді, - дейді жергілікті ақын, жазушылар.

"Абай" атындағы №1 қалалық кітапханада 22 мың кітап бар. Көркем әдебиет, тарихи романдар, ғажайып оқиғалар, фантастика, балалар оқулығы мен заманауи әдебиеттер де сөреден табылады.

Жанар Датқызы

Тақырып бойынша материалдар

​КӨП БАЛАЛЫ АНАЛАР КӘСІП АШУҒА ЫНТАЛЫ
19:11, 21 қазан 2019
​КӨП БАЛАЛЫ АНАЛАР КӘСІП АШУҒА ЫНТАЛЫ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

БІЛІМ БЕРУДІҢ ТИІМДІ ЖҮЙЕСІ  ТАЛҚЫЛАНДЫ
18:07, 18 қазан 2019
БІЛІМ БЕРУДІҢ ТИІМДІ ЖҮЙЕСІ ТАЛҚЫЛАНДЫ
Толығырақ...