ШҰҒЫЛ! КОММУНАЛДЫҚ ҚЫЗМЕТ ТАРИФТЕРІ ТӨМЕНДЕДІ Толығырақ

ҚАЛА ӘКІМІ ТҰРҒЫНДАР АЛДЫНДА ЕСЕП БЕРДІ

19:59, 8 ақпан 2019

"Нұр Ақтөбенің "- бірінші мөлтек ауданында 900 орындық мектеп салынады. Осылайша,  үш ауысымда оқитын №60-шы мектептің мәселесі шешілмек. Бұл туралы тұрғындар алдында қорытынды есебін берген Ақтөбе қаласының әкімі Ілияс Испанов мәлімдеді.  Шаһар басшысының есебін тыңдауға қала тұрғындарымен бірге Президент әкімшілігінің мемлекеттік инспекторы Асхат Қайнарбеков пен облыс әкімі Бердібек Сапарбаев та келді. Аймақ басшысы, өңірде биылдан бастап мұқтаж жандар үшін әлеуметтік баспана салынатынын айтты.

Облыстық Драма театрында Ілияс Испанов 5-ші, қорытынды есебін берді. Шаһар басшысына жазбаша және электронды түрде жолданған хаттардың  саны 50-ге жуық. Жиын барысында  сұрақ қойғандардың басым көпшілігін тұрғын-үй, қоғамдық көлік сынды әлеуметтік мәселелер  толғандырады. Бүгінгі таңда облыс орталығында 81 мемлекеттік, 6 жеке мектеп, 3 облыстық және Назарбаев зияткерлік мектебі бар. Бұл мектептердің 15-і соңғы үш жылда бой көтерді. Үш аусымды мектептердің мәселесі шешілді деуге болады. Тек Нұр Ақтөбедегі білім ұясының ғана жүктемесі жоғары.

Бүгінгі таңда Ақтөбеде тұрғын-үй кезегінде 22 мыңнан астам адам тұр. Жер кезегінің тізімі 140 мыңнан асқан.  Баспана сұрай келген тұрғындарға облыс әкімі Бердібек Сапарбаев ақжолтай хабар айтты.  Биылдан бастап өңірде әлеуметтік баспаналар салынбақшы.

Кездесу қорытындысы бойынша қала әкімі Ілияс Испановтың жыл бойы атқарған жұмысы жоғары бағаланды.

Гүлдана Абайқызы

Тақырып бойынша материалдар

СУ ТАСҚЫНЫНА ДАЙЫНДЫҚ ЖҰМЫСТАРЫ БАСТАЛДЫ
18:12, 22 ақпан 2019
СУ ТАСҚЫНЫНА ДАЙЫНДЫҚ ЖҰМЫСТАРЫ БАСТАЛДЫ
Толығырақ...
ЖАЛҒЫЗБАСТЫ АНА ЖҰМЫСҚА ОРНАЛАСТЫРЫЛДЫ
18:11, 22 ақпан 2019
ЖАЛҒЫЗБАСТЫ АНА ЖҰМЫСҚА ОРНАЛАСТЫРЫЛДЫ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

КОММУНАЛДЫҚ ҚЫЗМЕТ ТАРИФТЕРІ ТӨМЕНДЕДІ
19:31, 19 ақпан 2019
КОММУНАЛДЫҚ ҚЫЗМЕТ ТАРИФТЕРІ ТӨМЕНДЕДІ
Толығырақ...