ШҰҒЫЛ! "БАҚЫТТЫ ОТБАСЫ" БАҒДАРЛАМАСЫНА ҚОСЫМША ҚҰЖАТТАР ҚАБЫЛДАНАДЫ Толығырақ

ҚАЛА ӘКІМІ ЖАСТАРМЕН КЕЗДЕСТІ

21:43, 9 тамыз 2019

Қала әкімі Мавр Абдуллин шаһардың белсенді жастарымен кездесті. Олар кәсіпке енді бет бұрғандар, спортшылар мен шет елдік жоғарғы оқу орынында білім алып жүрген студенттер. Жастар күні қарсаңында шаһар басшысымен кездескен белсенділер еркін  пікір алысты. Бүгінгі қоғамдағы өзекті мәселені талқылап, өз жолдарында кездескен қиындықтар туралы ой қозғады.   Қала әкімі жастармен әдеттегідей әкімдікте болмаса мәдени ошақтардың бірінде емес, табиғат аясында, дастархан басында кездесті. Бейресми жиынға келген өскелең ұрпақ өкілдері де шаһар басшысына емін-еркін сұрақтарын қойып, көкейлерінде жүрген ойларын айтты. Мавр Абдуллин қатысушыларды жастар жылымен құттықтап, жаңа оқу жылына сәттілік тіледі.  Әкіммен кездесуге жас кәсіпкерлер, өнер мен спортта биік белестерді бағындырып жүрген жастар, мүмкіндігі шектеулі, дегенмен рухы мықты жандар және шет елде білім алып жүрген ақтөбелік студенттер келді.  Мәселен, Лаура  Ануарова  Ресейдің мәдени астанасы Санк-Петербугте  оқиды. Болашақ инженер-құрастырушы қатарластарына неліктен бұл мамандықты таңдағанын және шет елдегі білім беру жүйесінің ерекшеліктері туралы айтып берді. Бүгінгі таңда өңірде 115 мың жас болса, оның 20 мыңы студент. 307 ақтөбелік  Америка Құрама Штаттарында, Италия, Франция, Ресейде білім алып жүр. Олардың қатарындағы қоғамдық жұмыстарға үлес қосып, белсенділік танытып жүргендері жастар мерекесі қарсаңында марапатталды.  Шараға жиналғандар үшін  сондай-ақ тренингтер ұйымдастырылды. Жастарға  отбасылық құндылықтар туралы айтылып, кәсіпкерліктің қыр-сыры үйретілді. 

Гүлдана Абайқызы

Тақырып бойынша материалдар

ШАҺАР БАСШЫСЫ КЕҢҚИЯҚТЫҚ ОҚУШЫЛАРМЕН КЕЗДЕСТІ
19:44, 16 тамыз 2019
ШАҺАР БАСШЫСЫ КЕҢҚИЯҚТЫҚ ОҚУШЫЛАРМЕН КЕЗДЕСТІ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

АҚТӨБЕЛІК БАЛУАНДАР - БЕЛБЕУ КҮРЕСІНЕН ӘЛЕМ ЧЕМПИОНЫ
20:42, 14 тамыз 2019
АҚТӨБЕЛІК БАЛУАНДАР - БЕЛБЕУ КҮРЕСІНЕН ӘЛЕМ ЧЕМПИОНЫ
Толығырақ...
801 АДАМ МАГИСТРАТУРАҒА ЕМТИХАН ТАПСЫРДЫ
21:24, 14 тамыз 2019
801 АДАМ МАГИСТРАТУРАҒА ЕМТИХАН ТАПСЫРДЫ
Толығырақ...