ШҰҒЫЛ! БАЛАБАҚШАЛАР ЖҰМЫСЫ КЕЙІНГЕ ШЕГЕРІЛДІ Толығырақ

ҚАЛА ИНФРАҚҰРЫЛЫМЫ

21:07, 22 мамыр 2020

Қаладағы демалыс саябақтары жөнделіп, спорттық алаңдар салынады. Абаттандыру жұмысы да күн тәртібінде тұр. Абай даңғылындағы құрылысқа биыл 120 миллион теңге бөлінген. Жұмысы келесі аптада басталады. Өңір басшысы Оңдасын Оразалин қала әкім Асхат Шахаровпен бірге атқарылып жатқан шаруаның ретін қарап шықты. Қаланың, еліміздегі біргеше облыстың тапсырысын қабылдап, сапалы бөлмеаралық есік шығарып жатқан цехтың жұмысы қауырт. Мұнда барлығы 50-ден астам адам еңбек етеді. Бәрі де карантин режиміне сайы арнайы қорғаныс құралымен қамтамасыз етілген. 
ИЛЬЯС ДҮЙСЕНБЕКОВ
ЖОБА ЖЕТЕКШІСІ
Есік пен оған қажетті құрал-жабдыққа сұраныс жоғары. Ай сайын 5 мың дана есік шығарылады. Жұмыс тұрақты. Өзге өңірдің құрылыс компанияларымен келісімшартқа отырып, сұранысқа сайын тауар жеткіземіз. 
Қаладағы автоцистерна шығаратын цех карантин кезінде табысын жоғалтты. Сұраныс төмендеген. Жоба жетекшісі Ринат Дүйсенбеков қаржылық қиындықтарға тап болғанын айтты. Облыс әкімі кәсіпкерлік басқармасының басшысы Нұрхан Тлеумуратовқа  жан-жақты қолдау көрсетуді тапсырды. Кейін Оңдасын Оразалин хостел жұмысымен танысты. Өз жұмысын бастаған қызмет көрсету орны барлық санитарлық салапты сақтап отыр. Бетперде киеді, кіреберіске залалсыздандыру сұйықтығы қойылған. Өңір басшысы Есет батыр көшесінде орналасқан скверді қайта құру жұмысының жоспарымен, сондай-ақ Абай даңғылында жүргізіліп жатқан орташа жөндеу жұмыстарын көрді. Мұндағы жұмысы 25 мамырда басталады.
Облыс әкімі  Оңдасын Оразалин қала  әкімі Асхат Шахаровқа аталған  жұмыстардың сапалы әрі  уақытында  аяқталуын қадағалауды тапсырды. 

Тақырып бойынша материалдар

ТАЕКВОНДОШЫЛАРҒА КАРАНТИН КЕДЕРГІ ЕМЕС
22:38, 26 мамыр 2020
ТАЕКВОНДОШЫЛАРҒА КАРАНТИН КЕДЕРГІ ЕМЕС
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар