ШҰҒЫЛ! ЛАТЫН ӘЛІПБИІ ЕНГІЗІЛЕ БАСТАЙДЫ Толығырақ

ҚАЛА ҚОҚЫСТАН ҚАШАН ТАЗАРАДЫ?

18:44, 11 қыркүйек 2019

Қаланың бірқатар аудандарында "қоқыс жиналмай жатыр",- деп тұрғындар шағым айтуда. Айтқандай қазіргі таңда бұл мәселе сын көтермей тұр. Осыған орай қала әкімі жедел штаб құрып, тұрғындарға жағдайды түсіндірді. Дәл қазір қоқысқа толып қалған қала ішіндегі бірнеше аудандар тазаланып жатыр. "Үш-төрт күн ішінде мәселе шешіледі",- деп сендірді қала әкімдігі. 27-ші басқарушы компания, Таза лайф, Нео плюс қаладағы қоқыс шығаруға жауапты үш кәсіпорын еді. Қазіргі күні "Таза лайф" өз қызметін тоқтатты. Ал, қалған екі мекеме қаланың ішін және Нұр-Ақтөбе, Жаңақоныс, Құршысайға қызмет көрсетуге шамалары жетпей жатыр. Жергілікті атқарушы билік оларға қосымша техника бөліп, мәселені ретке келтіруде. Коммуналдық қызметтің бұл түріне республика бойынша ең төмен тариф Ақтөбеде, бір адамға 104 теңге. Десек те, қала тұрғындарының 60 пайызы қоқыс шығару қызметіне ақша төлемейді. Қазір төлемақыны өсіру көзделіп отыр. Тұрғын үйлерден шығарылатын қоқыс негізінен бөлшектенуі тиіс. Қағаз, пластикалық бөтелкелер мен тамақ қалдықтары бір-біріне сәйкес келмейтіні белгілі. Алайда, жәшіктерде қоқыстың сан түрі араласып жатыр. 

ГҮЛНАРА ЖОЛЖАНОВА

Тақырып бойынша материалдар

МЫҢҒА ЖУЫҚ АҚТӨБЕЛІК ӘСКЕРГЕ АТТАНАДЫ
21:37, 18 қыркүйек 2019
МЫҢҒА ЖУЫҚ АҚТӨБЕЛІК ӘСКЕРГЕ АТТАНАДЫ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

ҚАРАПАЙЫМ ЗАТТАР ЭКОНОМИКАСЫ - МЕМЛЕКЕТТІҢ ҚОЛДАУЫ
19:52, 13 қыркүйек 2019
ҚАРАПАЙЫМ ЗАТТАР ЭКОНОМИКАСЫ - МЕМЛЕКЕТТІҢ ҚОЛДАУЫ
Толығырақ...