ШҰҒЫЛ! БАЙЛАНЫС ТЕЛЕФОНЫ: 906-606 Толығырақ

ҚАЛА КӨШЕЛЕРІНДЕГІ ҚАР ҚАШАН ТАЗАРТЫЛАДЫ?

14:21, 14 ақпан 2020

Қала көшелері қарға толы. Тазарту жұмыстары уақытылы жүргізілмейді. Бұл облыс әкімі Оңдасын Оразалиннің есеп беру кездесуінде жиі көтерілген коммуналдық мәселенің бірі. Әлеуметтік желілерде "қар тазаланбайды" деп шағым айтқандар да көбейді. Көктайғақ көп адамды әбігерге салды. Өңір басшысы бірнеше рет тапсырма жүктегенімен жұмыс баяу. Қала көшелерін тазалаумен  «Автолайн»,  «Табыс Ел»,  «Бошан Транс Авто»,  «Ерхат жолдары»,  «Коквест»,  «Барлық Курылыс» серіктестіктері секілді  сегіз компания айналысады. Олар  жалпы көлемі 5,5 млн шаршы метр болатын 711 көшені қардан тазарту қажет болатын. Дегенмен қыс басталғалы мердігерлердің атқарған жұмыстарына арыз- шағымдар толастамаған. Аталған компания өкілдері жұмыскерлер санының аздығын, техникалардың жетіспеушілігін айтып ақталды.  Жиын соңында өңір басшысы қала әкіміне алдағы мемлекеттік сатып алуға қатысатын мердігер мекемелерге талапты күшейтуді тапсырды.

 

Тақырып бойынша материалдар

БІР ТӘУЛІКТЕ 86 АДАМНАН КОРОНАВИРУС ИНФЕКЦИЯСЫ АНЫҚТАЛДЫ
19:11, 7 шілде 2020
БІР ТӘУЛІКТЕ 86 АДАМНАН КОРОНАВИРУС ИНФЕКЦИЯСЫ АНЫҚТАЛДЫ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

ДӘРІХАНАЛАР КОРОНАВИРУСҚА ҚАРСЫ ДӘРІЛЕРМЕН ҚАМТЫЛДЫ
21:33, 1 шілде 2020
ДӘРІХАНАЛАР КОРОНАВИРУСҚА ҚАРСЫ ДӘРІЛЕРМЕН ҚАМТЫЛДЫ
Толығырақ...