ШҰҒЫЛ! "БАҚЫТТЫ ОТБАСЫ" БАҒДАРЛАМАСЫНА ҚОСЫМША ҚҰЖАТТАР ҚАБЫЛДАНАДЫ Толығырақ

ҚАЛА МАҢЫНДАҒЫ ҚОЖАЛЫҚТАРДЫҢ ЖҰМЫСЫ

19:36, 18 шілде 2019

Облыс тұрғындары жергілікті бақша өнімдерін тұтынуы тиіс. Шаһарды толықтай өз өнімімізбен қамтуға жағдай бар. Қала маңындағы шаруа қожалықтарының жұмысымен танысқан қала әкімі осылай деді. Мавр Абдуллин қияр, қызанақ, қауын-қарбыз өсіріп отырған шаруалармен кездесті.  Ешқандай химиялық қоспасы жоқ, табиғи өнім. 

"Жаңатау" шаруа қожалығының қарбызы мен қызанағына сұраныс жоғары. Әсіресе қала тұрғындарынан тапсырыс көп. Отбасылық бизнес осыдан екі жыл бұрын ашылған. Кәсіпкер мұнымен шектелер емес. Бақшаның жай-күйімен танысуға барған қала басшысына ол өз жоспарларын айтты. Солардың бірі-балық шаруашылығымен айналысу. Қазір 10 гектар жерді кәдеге жаратып отырған шаруаға тағы жер керек.  Ал 90 гектар жері бар "Алманов" шаруа қожалығы жылыжай құрылысын бастап кетті. Оңтүстіктің технологиясы бойынша. Тамызда тұқым сеуіп, желтоқсанда өнім алуды көздеп отыр. Ол үшін 90 млн теңге несие алған.Қала әкімдігі шаруа қожалықтарына барынша қолдау көрсетуге дайын. Өнімді өткізу, сауда орталықтарынан оны сатуға арнайы орын бөлуді де қарастырмақ. Мавр Абдуллин шаруаға кеңес берді.  Ал "Көк жайлау" серіктестігінің бағыты мүлдем басқа. Кәсіпкер агротуризм саласын дамытпақ. Ана мен бала денсаулығына арналған оңалту орталығын салуды жоспарлап отыр. Қазір мұнда 50 керуеттік кешен жұмыс істеп тұр.

ОЛЬГА  СТЕПАНОВА - ЖОҒАРЫ САНАТТЫ ДӘРІГЕР, ДЕРМАТОЛОГ

- Ана мен бала ауруларының алдын алу қазіргі күні ең өзекті мәселе деп есептеймін. Әзірше біздің кешен тері ауруына шалдыққан балаларды қабылдап жатыр. Асқазан, ішек ауруларына шалдыққан науқастарға ем жасаймыз. Енді біз жаңа сауылған бие сүтімен емдеуді қолға алмақпыз. Саумалдың пайдасын бәрі біледі.

Кәсіпкерлердің жұмысына еш кедергі болмауы тиіс. Құзырлы органдар тарапынан тексерісті азайтып, шаруашылықпен айналысатын ақтөбеліктерге қолдау көрсету, қосымша жер телімін беру. Бұл-жергілікті биліктің шаруаларға берген уәдесі. Мақсат-тұрғындарды Ақтөбеде шығарылған өніммен қамту, сырттан әкелінетін азық-түлік санын азайту.

Тақырып бойынша материалдар

ШАҺАР БАСШЫСЫ КЕҢҚИЯҚТЫҚ ОҚУШЫЛАРМЕН КЕЗДЕСТІ
19:44, 16 тамыз 2019
ШАҺАР БАСШЫСЫ КЕҢҚИЯҚТЫҚ ОҚУШЫЛАРМЕН КЕЗДЕСТІ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

АҚТӨБЕЛІК БАЛУАНДАР - БЕЛБЕУ КҮРЕСІНЕН ӘЛЕМ ЧЕМПИОНЫ
20:42, 14 тамыз 2019
АҚТӨБЕЛІК БАЛУАНДАР - БЕЛБЕУ КҮРЕСІНЕН ӘЛЕМ ЧЕМПИОНЫ
Толығырақ...
801 АДАМ МАГИСТРАТУРАҒА ЕМТИХАН ТАПСЫРДЫ
21:24, 14 тамыз 2019
801 АДАМ МАГИСТРАТУРАҒА ЕМТИХАН ТАПСЫРДЫ
Толығырақ...