ШҰҒЫЛ! ҚАЛАДА 16 ҮЙ АПАТТЫ ЖАҒДАЙДА ТҰР Толығырақ

Қала мектептерінде тәртіп күшейтіледі

18:56, 8 ақпан 2018

Бұдан былай қала мектептерінде тәртіп күшейтіледі. Оқушылардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында қала билігі күзет қызметімен келісімшарт орнатпақ. Бұл туралы бүгін құқық бұзушылықтың алдын алу жөніндегі комиссияның отырысында айтылды.

Білім бөлімінің мәліметіне сүйенсек, өткен жылдың қорытындысы бойынша 167 оқушы мектепшілік, ал, 50 оқушы ішкі істер бөлімінің есебіне тіркелген. Олар қоғамдық ортада тәртіп бұзып, дөрекілік танытып, өз бетімен сабақтан қалғаны үшін есепке алынып отыр. Барлығы да тұрмысы төмен отбасылардың балалары дейді мамандар.

Жиында шаһар басшысы қалада құрылған аула клубтарының жұмысын жандандыру қажеттігін айтты. Ол үшін тек спорттық секциялар емес, мәдени шаралар жиі ұйымдастырылуы тиіс. Қала бойынша 69 мың оқушы бар. Оның қаншасы үйірмелерге қатысатындығын комиссия мүшелері бір аптаның ішінде анықтап, арнайы жоспар құру қажет. Бұдан бөлек, 79 мектептің әрқайсысында 5 күзетші жұмыс істейтін болады деді.

Жұлдыз Алмасқызы

Тақырып бойынша материалдар

Танымал жаңалықтар

МОДЕРНИЗАЦИЯҒА БАҒЫТТАЛҒАН ҚАРЖЫ МАҚСАТТЫ ЖҰМСАЛУЫ ТИІС
21:05, 12 қараша 2018
МОДЕРНИЗАЦИЯҒА БАҒЫТТАЛҒАН ҚАРЖЫ МАҚСАТТЫ ЖҰМСАЛУЫ ТИІС
Толығырақ...