ШҰҒЫЛ! САЛЫҚТАН ЖАЛТАРЫП ЖҮРГЕНДЕР ҚАТАҢ ЖАЗАЛАНАДЫ Толығырақ

Қалада 34 шағын саябақ ашылады

15:59, 14 қыркүйек 2017

Ақтөбеде шағын саябақтардың саны көбейіп келеді. Облыс әкімінің тапсырмасы бойынша тек биылдың өзінде 10-нан аса демалыс орны пайда болды. Шаһарға көрік беріп тұрған скверлерді ашуға - әрбір басқарма, қалалық бөлімдер, мекеме, ұйымдардың тікелей қатысы бар. ¤

11-ші мөлтек ауданында орналасқан - қаржыгерлер мен экономистердің шағын саябағының халық игілігіне берілгеніне көп бола қойған жоқ. Дегенмен, мұнда келушілер қатары көп. Тұрғындар спортпен айналысып, Таза ауада отырып демала алады. Орындықтар қойылған. 20-дан астам түнгі шам орнатылыпты.

Қаржыгерлер мен экономистер шағын саябағының жалпы аумағы - үш мың шаршы метр. Ал, ортасында 100 теңге бейнеленген шағын архитектуралық пішін орнатылған. Оның диаметрі - 2 метр. Қаржыгерлер бұл төл теңгемізге деген құрметтің белгісі дейді.

ГҮЛБАҒДА ҚАЙРАТҚЫЗЫ, ТІЛШІ

- Жаңа шағын саябақтың ашылуын тұрғындар жақсылыққа балап жүр. Тіпті, олардың арасында наным-сенім де пайда болған. Егер, 100 теңгеге жақындап, сипаласаң, "бай болып, ақшаң көбейеді" дейді. Біз де сипалап көрейік, сенгішпіз ғой

Кірпіштер, ғимаратты сылайтын қалақ және құрылысшының бас киімі. Бұл пішіндер 12-ші шағын ауданда ашылған скверге көрік беріп тұр. Саябақты облыстық құрылыс, сәулет және қала құрылысы басқармасы салған. Қызылды-жасылды әткеншектері бар ойын алаңы әсіресе балаларға қуаныш сыйлады.

Естеріңізде болса, облыстық денсаулық сақтау басқармасы Батыс-2 тұрғындары үшін денсаулық саябағын салып берді. Ал жақында Конституция күнінде Болашақ шағын ауданында жаңа «Made in Aktobe» шағын саябағы ашылғаны белгілі. Бастысы демалыс орындары талапқа сай болуы керек.

Ақтөбеде бүгінде 4 саябақ пен 27 сквер бар. Күзге дейін абаттандыру жұмыстарына сәйкес, тағы 10-ы пайдалануға берілмек.

Гүлбағда Қайратқызы, Самат Қалекенов

Тақырып бойынша материалдар

158 СТУДЕНТ ОБЛЫС ӘКІМІНІҢ СТИПЕНДИЯСЫН АЛДЫ
19:18, 25 мамыр 2018
158 СТУДЕНТ ОБЛЫС ӘКІМІНІҢ СТИПЕНДИЯСЫН АЛДЫ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

САЛЫҚТАН ЖАЛТАРЫП ЖҮРГЕНДЕР ҚАТАҢ ЖАЗАЛАНАДЫ
17:30, 23 мамыр 2018
САЛЫҚТАН ЖАЛТАРЫП ЖҮРГЕНДЕР ҚАТАҢ ЖАЗАЛАНАДЫ
Толығырақ...