ШҰҒЫЛ! ЛАТЫН ӘЛІПБИІ ЕНГІЗІЛЕ БАСТАЙДЫ Толығырақ

ҚАЛАЛЫҚ АВТОПАРК 8 ЖАҢА АВТОБУСПЕН ТОЛЫҚТЫ

20:05, 1 ақпан 2019

Енді іргедегі зауыттарқа қатынау еш қиындық тудырмайды. Ақтөбе қалалық автопаркі жаңа 8 автобуспен толықты.  Ыңғайлы әрі жайлы қоғамдық көліктер  №40-шы бағыт бойынша жүреді. 

Ақтөбе ферроқортыпа зауытында еңбек ететін Асхат Бегарыстанов үшін жұмысқа барып келудің өзі мұң еді.Сағаттап  күткен автобустың сиқы да сын көтермейтін.

Асхат сынды жұмысшыларының жайын ойлаған "Қазхром" компаниясы бүгін қалалық автопаркке 8 жаңа автобустың кілтін табыс етті. Тегін емес. Жергілікті билікпен жасасқан меморандум аясында сатып алу құқығымен жалға беріліп отыр. №40 бағыт бойынша жолға шығатын автобус   Батыс-2 мөлтек ауданынан бастап,  Ақтөбе феррорқорытпа зауытының 4-ші цехына дейін жолаушыларды тасымалдайды. Қоғамдық көлік қызметін қарапайым қала тұрғындары да пайдалана алады.

Жаңа автобустар қаладағы бірнеше бағыт бойынша қоғамдық көлік проблемасын шешіп берді. Компания өкілдері осылайша шаһардың 150 жылдық мерейтойына үлесімізді қостық дейді. 

Қоғамдық көлік жетіспеушілігін шешу мақсатында  өткен екі жылда 110 автобус сатып алынған болатын. Алдағы уақытта қалалық автопарк тағы 120 жолушылар көлігімен толықтырылмақ. Электронды билет жүйесін енгізу жоспарлануда.

Гүлдана Абайқызы

Тақырып бойынша материалдар

V ЖАЗҒЫ ПАРАЛИМПИАДАЛЫҚ ОЙЫНДАР ӨТУДЕ
14:38, 16 қыркүйек 2019
V ЖАЗҒЫ ПАРАЛИМПИАДАЛЫҚ ОЙЫНДАР ӨТУДЕ
Толығырақ...
ҚАРАПАЙЫМ ЗАТТАР ЭКОНОМИКАСЫ - МЕМЛЕКЕТТІҢ ҚОЛДАУЫ
19:52, 13 қыркүйек 2019
ҚАРАПАЙЫМ ЗАТТАР ЭКОНОМИКАСЫ - МЕМЛЕКЕТТІҢ ҚОЛДАУЫ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

ҚАРАПАЙЫМ АДАМДАРДЫҢ МҮДДЕСІ ҚОРҒАЛАДЫ
20:10, 10 қыркүйек 2019
ҚАРАПАЙЫМ АДАМДАРДЫҢ МҮДДЕСІ ҚОРҒАЛАДЫ
Толығырақ...