ШҰҒЫЛ! COVID-19: ӨҢІРДЕ 17 ЖАҒДАЙ ТІРКЕЛДІ Толығырақ

ҚАЛАЛЫҚ МӘСЛИХАТТЫҢ БІРІНШІ СЕССИЯСЫ ӨТТІ

13:00, 14 қаңтар 2021

Жетінші шақырылымдағы қалалық мәслихат депутаттарының алғашқы отырысы өтті. Халық қалаулыларының құрамы 90 пайызға жаңарып, бір адамға толығыпты. Енді алдағы уақытта 30 су жаңа депутат шаһардың дамуына ат салысатын болады. Мәслихат құрамына енгендер қатарында кәсіпкерлер, еріктілер қоғам қайраткерлері бар. Хатшы болып Анар Даржанова тағайындалды. Бірінші отырыста жаңа құрам жіті таныстырылып, депутат куәліктері үлестірілді. Ал бұған дейін қалалық мәслихат хатшысы болған Сұлупан Панақызы құрметті зейнет демалысына шықты. Сондай-ақ Ақтөбе қаласының құрметті азаматы төсбелгісін тақты. Жүздері қуаныштан бал-бұл жайнаған жаңа құрам мүшелерін шаһар басшысы құттықтап, алда атқарылар істің көп екенін жеткізді. Айта кеткен жөн, жергілікті мәслихат құрамына Нұр Отан партиясынан 25, Ауылдан 2, ал Ақ жол партиясының атынан 3 адам кірген.

Тақырып бойынша материалдар

Танымал жаңалықтар

АҚПАН АЙЫНДА КОРОНАВИРУСҚА ҚАРСЫ ВАКЦИНАЦИЯ БАСТАЛАДЫ
13:00, 19 қаңтар 2021
АҚПАН АЙЫНДА КОРОНАВИРУСҚА ҚАРСЫ ВАКЦИНАЦИЯ БАСТАЛАДЫ
Толығырақ...
ЦЕНТР КРЕДИТ БАНКІ "ЕР ҚАРМЫС" КІТАБЫНЫҢ ДЕМЕУШІСІ
16:20, 18 қаңтар 2021
ЦЕНТР КРЕДИТ БАНКІ "ЕР ҚАРМЫС" КІТАБЫНЫҢ ДЕМЕУШІСІ
Толығырақ...
МЕМЛЕКЕТТІК ТІЛДІ МЕҢГЕРГІСІ КЕЛЕТІНДЕР КӨП
20:00, 19 қаңтар 2021
МЕМЛЕКЕТТІК ТІЛДІ МЕҢГЕРГІСІ КЕЛЕТІНДЕР КӨП
Толығырақ...