ШҰҒЫЛ! "Ақтөбе - құтты мекен" форумына әлемге танымал жерлестеріміз келеді Толығырақ

Қаланы абаттандыруға арналған тазалық айлығы басталды

18:03, 11 қыркүйек 2017

Ақтөбе қаласында қаланы абаттандыру, көгалдандыру және тазалау жұмыстарына арналған екі айлық науқан басталды. Өткен демалыс күндері бірінші сенбілік ұйымдастырылды. Өз аумақтарында сенбілік өткізген ұйымдар техника жағынан қамтамасыз етілді. Ал қалалық полигон күл-қоқысты ақысыз қабылдады.

Екі айға созылатын дәстүрлі сенбілік биыл екінші мәрте ұйымдастырылыл отыр. Бұл жолғы мақсат -  қаланы қысқы уақытқа дайындау және "Ақтөбе - құтты мекен" жерлестер форумына дейін абаттандырып үлгеру.

Сенбілікке 6 мың адам және 42 арнайы техника қатыстырылды. Қалалық полигон 94 тонна қоқыс қабылдады. Екі айлық тазалық жұмыстарынан тыс әр мекеме өздеріне тиісті аумақты үнемі ретке келтіріп отыратындарын айтты. Апта сайын сенбілік өткізуді дәстүрге айналдырған.

АЙГҮЛ АХМЕТОВА, "ТРАНСЭНЕРГО" АҚ БАСҚАРМА БАСШЫСЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ

- Мұндай тазалық жұмыстарын тек тапсырма берілгенде ғана емес, үнемі өз еркімізбен жасауға тырысамыз. Мекеме айналасын жиі жинап тұрамыз. Аумақ үлкен, сондықтан күтіп ұстауды қажет етеді

Айта кеткен жөн, сенбілік барысында коммуналдық мекеме қызметкерлері шағын демалыс алаңын ұйымдастырды. Ескі құбырлардан субұрқақ жасап, айналасын гүлмен көмкерді.

Райгүл Еншібайқызы, Арман Досмагамбетов

 

Тақырып бойынша материалдар

Шалғынбай Жолдасов: Тұтынатын тағамдарымызда химиялық қоспа көп
11:36, 20 қыркүйек 2017
Шалғынбай Жолдасов: Тұтынатын тағамдарымызда химиялық қоспа...
Толығырақ...
 "Қолғанат Ақтөбе" қоры  жұмсалған қаржы есебін берді
18:44, 19 қыркүйек 2017
"Қолғанат Ақтөбе" қоры жұмсалған қаржы есебін берді
Толығырақ...
Зираттар сенімгерлік басқаруға беріледі
17:29, 19 қыркүйек 2017
Зираттар сенімгерлік басқаруға беріледі
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

Көңіл көтеру орындарында 500-ден астам қылмыс тіркелген
18:44, 13 қыркүйек 2017
Көңіл көтеру орындарында 500-ден астам қылмыс тіркелген
Толығырақ...
Латын әліпбиіне көшу - қазақ тілі үшін жасалған игі қадам
19:34, 14 қыркүйек 2017
Латын әліпбиіне көшу - қазақ тілі үшін жасалған игі қадам
Толығырақ...
Қыздар арасында футболдан фестиваль өтті
16:45, 14 қыркүйек 2017
Қыздар арасында футболдан фестиваль өтті
Толығырақ...