ШҰҒЫЛ! ЖАСТАР БАСПАНАМЕН ҚАМТЫЛАДЫ Толығырақ

ҚАЛАНЫҢ 150 ЖЫЛДЫҚ МЕРЕЙТОЙЫНА ДАЙЫНДЫҚ БАСТАЛДЫ

20:42, 11 қаңтар 2019

Ақтөбе қаласының 150 жылдығына арналған шаралар шаһардың оң имиджін қалыптастыруы тиіс. Ерекшелігі мен алдыңғы қатарлы мекен екенін көрсетуге  бағытталуы қажет. Қала мерейтойына дайындық жұмыстары  бірнеше бағытта  жүзеге асады.  Ұйымдастыру комитеті бүгін бірінші отырысын өткізіп, дайындық жұмыстарын пысықтады. Жиын облыс әкімінің төрағалығымен өтті.

150 алдыңғы қатарлы кәсіпорын, мекеме, 150 танымал тұлға анықталады. 150 жетістік пен 150 қайырымдылық ісі көпке үлгі етіледі. Ақтөбенің бірейгілігін, оқу, жұмыс, демалыс үшін және инвестицияға қолайлы қала ретінде оның тартымыдылығын көрсету  басты мақсаттардың бірі. Сондықтан  қаланың мерейтойы аясында аз уақытта ауқымды жобалар іске асырылады.  Құрылыс материалдарын шығаратын бірнеше зауыт іске қосылады. Ірі өндіріс орындары іске қосылып, мыңдаған жұмыс орындары ашылады.

Қаланың архитектуралық келбеті, абаттандыру жұмыстары, көгалдандыру, көлік инфрақұрылымын дамыту, тұрғын үй коммуналдық шаруашылығы мен маңызды әлеуметтік нысандарын салу мен жөндеу  ақтөбеліктердің өмір сапасын арттыратыны сөзсіз. 150 жылдық аясында осы бағытта ауқымды жұмыстар жүргізіледі. "150 қайырымдылық ісі", "Таза жағалау", "Әдемі гүлзар", "Ағаш отырғыз" акцияларына  тұрғындар, жеке пәтер иелері кооперативтері,  мен шағын орта бизнес субъектлерітарту қажет,- деді облыс әкімі.

Мерейтой аясында әкімі Бердібек Сапарбаев  Ақтөбенің мерейтойына ел болып ат салысуға шақырды. Қала тұрғындарының  қатысуымен түрлі байқаулар, әлеуметтік, қайырымдылық  акциялары, халықаралық фестивальдер, мәдени-спорттық шаралар  ұйымдастырылады. 

Ақтөбенің 150 жылдығы аясында  ауқымды ақпараттық  жұмыстар  атқарылады.  Ақтөбе телеарнасы мен облыстық Ақтөбе және Актюбинский вестник газеттері  бірлескен жобаны қолға алды.

Аға буын өкілдері де қалымыздың мерейтойына өз үлестерін қосауды көздепгендерін айтты. Мәселен, ата-әжеледерден құралған  "Атамекен" ансамблі  ауыл-елді аралап, концерт қойып, тұрғындармен кездесулер  өткізеді.

Ақтөбе - қарышты дамып келе жатқан қала, оның басты көрсеткіші- демографиялық өсімінде. Қазір Ақтөбеде 500 мыңға жуық тұрғын бар.  Соңғы жылдары ірі экономикалық жобалар іске асты. Жиын соңында аймақ басшысы тапсырмаларды нақтылап, жұмыла кірісуге шақырды.

Венера Серғазина

Тақырып бойынша материалдар

ЕЛБАСЫ КІТАПХАНАСЫНЫҢ КӨРМЕСІН  120 МЫҢ АҚТӨБЕЛІК ТАМАШАЛАДЫ
17:58, 18 қаңтар 2019
ЕЛБАСЫ КІТАПХАНАСЫНЫҢ КӨРМЕСІН 120 МЫҢ АҚТӨБЕЛІК ТАМАШАЛАДЫ...
Толығырақ...
АУЫЛ ШАРУАШЫЛЫҒЫН ДАМЫТУ МӘСЕЛЕСІ ТАЛҚЫЛАНДЫ
16:31, 18 қаңтар 2019
АУЫЛ ШАРУАШЫЛЫҒЫН ДАМЫТУ МӘСЕЛЕСІ ТАЛҚЫЛАНДЫ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

ОБЛЫСТЫҢ ДЕНСАУЛЫҚ САҚТАУ САЛАСЫ ӨТКЕН ЖЫЛДЫ ҚОРЫТЫНДЫЛАДЫ
19:19, 16 қаңтар 2019
ОБЛЫСТЫҢ ДЕНСАУЛЫҚ САҚТАУ САЛАСЫ ӨТКЕН ЖЫЛДЫ ҚОРЫТЫНДЫЛАДЫ
Толығырақ...