ШҰҒЫЛ! БІЛІМ БЕРУ САЛАСЫНЫҢ ЖАЙ-КҮЙІ ТАЛҚЫЛАНДЫ Толығырақ

ҚАЛАНЫҢ БАС ЖОСПАРЫ ӨЗГЕРТІЛЕДІ

12:31, 7 қараша 2019

Шаһардың бас жоспарына өзгертулер енгізілді. Жаңа ғимараттар құрылысы, жер өткелдері мен тунельдер салынбақ. Сметалық жоспар дайын. Бұл туралы бүгін қала әкімі Мавр Абдуллин мәлімдеді. Сылағы кетіп ұрған үйлер мәселесі де қаралды. Қала бойынша 4 ауданның архитектурасы өзгеруі тиіс. Мәскеу ауданы, тұрғындар қалашығы, ескі қаладағы бірқатар көшелер мен 101ші атқыштар бригадасы. Мәселен, Батыс-2 ауданында жер астында орналасқан авто тұрақ салынбақ. Тунель салу да жоспарда бар. Жергілікті билік осылай көлік кептелісі мәселесін шешуді көздеп отыр. Батыс-2 ауданында үйлердің реттік нөмірі жоқ.Мәскеу ауданында жаңа темір жол және аэро вокзал, қонақ үйлер мен бизнес орталықтары салынбақ. Ал аудандағы ескірген үйлер қашан жаңартылатыны белгісіз. Ал 101-атқыштар бригадасымен болашақта көлік жүрмеуі мүмкін. Көше тек жаяу жүргіншілерге арналмақ. Қаптаған сауда орындарына жүк тасушы көліктер де тәртіпке сай қатынайтын болады. Жиын барысында қаланы абаттандыру, жасыл желек егу мәселесі де айтылды. Бұл жұмыстар қала әкімдігінің жоспарына сай атқарылмақ

Тақырып бойынша материалдар

Танымал жаңалықтар

ОБЛЫС ӘКІМІ ЖҰМЫСШЫЛАР ЖАЛАҚЫСЫН КӨТЕРУДІ ТАПСЫРДЫ
18:54, 15 қараша 2019
ОБЛЫС ӘКІМІ ЖҰМЫСШЫЛАР ЖАЛАҚЫСЫН КӨТЕРУДІ ТАПСЫРДЫ
Толығырақ...