ШҰҒЫЛ! ҚОҚЫСТАН ТАЗАРТЫЛАДЫ Толығырақ

ҚАЛЫҢДЫҒЫН ӨЛТІРГЕН АҚТӨБЕЛІК 10 ЖЫЛҒА СОТТАЛДЫ

11:40, 16 қаңтар 2020

Қалыңдығын өлтірген ақтөбелік 10 жылға бас бостандығынан айырылды. Бұл үкіммен қаза тапқан Әсем Эльбрусованың туыстары келіспейді. "Қылмыскер жеңіл жазамен құтылмақшы",- дейді жалғыз қызынан айырылған ана. Толығырақ сот отырысына қатысқан тілшіміз тарқатады. Сотталушы Бақыт Орынбасаров 2019 жылдың 11-ші тамызында қамауға алынды. Ол сүйіктісі Әсем Эльбрусованы буындырып өлтірген. Оқиға қала орталығындағы жалдамалы пәтерлердің бірінде болды. Оңаша кездескен екеу жанжалдасып, арты қайғылы аяқталған. Қыз сол жерде бірден жан тапсырды. Есін жиған күдікті полицияға өзі барып, ісін мойындаған. Сот үкімімен Бақыт Орынбасаров жәбірленуші тарапқа материалдық және моральдық шығынды өтеуі тиіс.  Марқұмның анасы мен туыстары сот үкімімен келіспейді. Қапыда жалғызынан айырылған ана қылмыскерге ең ауыр жаза тағайындауды сұраған болатын. Әсем небәрі 22 жаста еді. Қаза тапқан қыздың туыстары қылмыс жасалған жерге барған бірқатар куәгерлердің деректері ескерілмей отыр дейді. Адам өлтірген қылмыскерге 10 жыл уақыт тым жеңіл жаза деп отыр олар. Бұл қылмысқа негізінен 8 бен 15 жыл аралығында бас бостандығынан айырылу жазасы қарастырылған. Тергеу кезіндегі дәлелдемелер, өндірілетін шығын мен қылмыскердің өз еркімен мойындауы ескеріліп, 10 жыл тағайындалып отыр. 

ГҮЛНАРА ЖОЛЖАНОВА 

Тақырып бойынша материалдар

«Qazaqstan» Ұлттық телеарнасынан «Жақсылық» көркем фильмі көрсетіледі
09:19, 2 тамыз 2020
«Qazaqstan» Ұлттық телеарнасынан «Жақсылық» көркем фильмі кө...
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар