ШҰҒЫЛ! ТЕЛЕЖУРНАЛИСТЕР АРАСЫНДА ҮЗДІК ЖУРНАЛИСТІК ЗЕРТТЕУГЕ АРНАЛҒАН РЕСПУБЛИКАЛЫҚ БАЙҚАУ Толығырақ

ҚАМКӨҢІЛ ҚАРТТАР

14:05, 20 қаңтар 2020

  Қарттар мен мүгедектерге арналған интернат-үйінің атауы өзгертілді. Тағдыр тәлкегіне түскен жандарға пана болған мекен бұдан былай әлеуметтік қызмет көрсету орталығы деп аталады. Қатқылдау естілетін аты өзгергенімен, мұндағы тіршілік бәз баяғы. Қазір өңірдегі әлеуметтік орталықта 226 адам тұрып жатыр. Мамандардың айтуынша, зейнетақы жүйесіне енгізілген өзгерістерге орай, соңғы уақытта  қарттар үйіне келушілердің саны азайған. Гүлдана Абайқызы қара көз қариялардың сан қилы тағдырын назарларыңызға ұсынады.  
ГҮЛДАНА АБАЙҚЫЗЫ, ТІЛШІ 
Баласы безінген, бауыры бас тартқан, бір сөзбен айтқанда, іздеушісі жоқ жандар қала сыртындағы осы қорымға жерленген. Бұл жер қарттар үйі, әлеуметтік бейімдеу орталығы, түрмелер мен психдиспансерлерде қайтыс болғандардың мәңгілік мекеніне айналды. Көріп тұрғандарыңыздай, өте жұпыны. Құлпыстасы немесе күзбезі жоқ. Кейбіреулерінің айты-жөндері жазылған болса, кейбіреулері тек нөмірмен ғана белгіленген
Немерелерінің маңдайынан бір иіскей алмай талай жанның өмірі өтуде бұл үйде .... Көпшілігінің төрінен көрі жақын.... Ақтөбедегі нөмірі бірінші әлеуметтік қызмет көрсету орталығы,  бұрынғы  қарттар мен мүгедектерге арналған интернат қызметкерлері өткен жылы 25 қарияны мәңгілік мекеніне аттандырған. Босаған кереуеттер қайта толығады екен. 
80-ге  таяған Базар әжейдің қимыл-қозғалысы ширақ. Денсаулығына шағымданбайды.  Отым өшсе де,  артымнан кәдеге жарап көрпелерім қалар деп өзін-өзі жұбатады.  Әскери азаматқа жар атанып, жаңа өмірге қадам басқан  жұптың қуанышы ұзаққа бармайды. Құдай оларға бақ-дәулетті үйіп-төгіп бергенмен, бір перзентке жарытпапты.   
БАЗАР ОРЫНҒАЛИЕВА
Құдай маған бала берген жоқ. Кому я нужна? Ешкімге керек емеспін.+++18 жыл тұрып, күйеуімнен айырылдым. Атам айырды, баласы жоқ деп. Айырылғымыз келмеді, бірақ шаршадық. Уфффф+++ 38 жасымда айырылдым, содан міне, жалғыз өзім төпелеп келе жатырмын, қолды қатты ұстап аламын да, ешкімге сенетінім де жоқ. 
БАЗАР ОРЫНҒАЛИЕВА
Бәрі молада, мені күтіп жатыр. Қашан баратынымды білмеймін. Өлгенше әндеті жүріп кетесің деп айтып еді 7 жасымда, сол тура келіп  тұр,  ал мына құрақты артымда қалсыншы, ешнәрсе қалмады деп/
ГҮЛДАНА АБАЙҚЫЗЫ, ТІЛШІ 
 Тағдыр тәлкегіне түскендер үшін интернаттан басқа барар жер, басар тау жоқ. Көпшілігі  жалғыздықтың кесірінен далада көмусіз қалудан қорқады. Орал апа да  солардың қатарында. 
Орал Қосыбекованың жасы 51-де. Темір ауданы қарасты Саркөл ауылының тумасы.  Құдай қосқан қосағы мен тұла бойы тұңғышы жол-көлік апатынан қаза тауып, жастайынан жесір қалады.  Содан әркімнің есігінде жүріп,  мал баққаннан басқа жасаған тірлігі кемде кем.  Жат діннің жетегінде кеткен бауырларға  керек болмады. ҚоС қолынан айырылып, паналайтын жері болмаған соң, әупірімдеп облыстық әлеуметтік бейімдеу орталығына келеді. Сол жерден интернатқа ауыстырылды. 
ОРАЛ  ҚОСЫБЕКОВА
Мал бағып жүргенде, адасып кетіп, атымды қасқыр жеп кетіп 2014 жылы болған оқиға бұл.  Үсіп кетіп қолым, тауып алып, саусақтарымды кесіп, осындайға тап болдым+++  2013 жылдары вагондарда жүрдім, құлап қалған вагондар бар, кешке қарай, күн батқанда ешкім көрмейді ау дегенде сол жаққа барып жатамын. Таңертең ерте тұрып шығып кетем. Қиыншылықтарды көрдім ғой. Қазір шүкір ғой. 
 Мұндағылардың бәрі бірдей жалғыз емес. Қарттар үйі  тар құрсағын кеңітіп, тас емшегін жібіткен, ақ сүтін беріп аялап, түн ұйқысын төрт бөліп баққан анаға да, таңның атысы күннің батысы балалары үшін аянбай тер төккен, төбесіне мінгізіп баққан әкелер үшін де пана болып отыр.  Бір емес, 5 бірдей перзенті бола тұра, Жәнібек Әлжаппарұлы қарттар үйін неге таңдады? 
ЖӘНІБЕК ӘБДІЖАППАРҰЛЫ  
Бір қызым Ақтөбеде, бір қызым Қарабұтақта тұрады, бір қызым шешесінің қолында. Ұлым анда-санда келіп кетеді, жұмыс таба алмай жүр, ыңғайы келмейді, телефон бар, амандығын біліп тұрамын.++ құм жер, жүргізбейді, айналасы тас қой мына жақта, балдарға масыл болғым келмейді, жақтыртпайды, мен де тыныш болайын олар да тыныш болсын
Ия, бұл үй мұңды көздерге.... сарғайған сағынышқа.... ұқсас тағдырларға..... өзекті өртер өкінішке толы. Қазір облыстағы әлеуметтік қызмет көрсету орталығында  226 адам тұрады.  Оның 96-сы  мүгедек.  2016 жылдың бірінші қаңтарынан бастап «зейнетақы  мен  мемлекеттік жәрдемақылар туралы" заңдарға енгізілген  өзгерістерге сай қарттар үйінде тұратын әр азаматтың зейнетақысынан 70 пайыз мемлекет есебіне ұсталып отырады. Осы жаңашылдық енгізілгелі бері орталыққа келушілердің қатары да сиреп келе жатқан көрінеді. 
СӘН НҰРЫШЕВА
№1 ӘЛЕУМЕТТІК ҚЫЗМЕТ КӨРСЕТУ ОРТАЛЫҒЫ ДИРЕКТОРЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ  
80 шақтысы  әлеуметтік бейімдеу орталығынан келді. Олар кімдер. Олар кезінде арақ ішіп, семьясына қарамай, сондай жолға түсіп, шыға алмай қалған адамдар. Өкінетіндері бар. Сол өмірімді қайтадан бастасам, қалғандары үйден келгендері бар. Жалғыз бала болып, ол сотталып кеткен, балалары шетелге кеткендер, балалары бола тұра, қарайтын адам болмай. Үйге қайтам деп айтпайды. Біздегі қызмет көрсету сапасы өте жоғары деп айтуға болады. 
ГҮЛДАНА АБАЙҚЫЗЫ, ТІЛШІ 
Біздің армандарымыз өте көп.  Зәулім үйде тұрғымыз келеді, жоғары қызметте отырсақ  дейміз. Отбасымыздың да мінсіз, үлгілі болғанын қалаймыз. Бірақ, тағдыр бізбен санаспайды. Ертеңіміздің қалай болары бір Аллаға ғана аян. Ешкім сақтандырылмаған. Мен де, сіз де! 

Тақырып бойынша материалдар

Танымал жаңалықтар

ТЕЛЕЖУРНАЛИСТЕР АРАСЫНДА ҮЗДІК ЖУРНАЛИСТІК ЗЕРТТЕУГЕ АРНАЛҒАН РЕСПУБЛИКАЛЫҚ БАЙҚАУ
13:14, 1 қазан 2020
ТЕЛЕЖУРНАЛИСТЕР АРАСЫНДА ҮЗДІК ЖУРНАЛИСТІК ЗЕРТТЕУГЕ АРНАЛҒА...
Толығырақ...