ШҰҒЫЛ! БІЛІМ БЕРУ САЛАСЫНЫҢ ЖАЙ-КҮЙІ ТАЛҚЫЛАНДЫ Толығырақ

«ҚАМҚОР PARK» АЛЛЕЯСЫ АШЫЛДЫ

15:19, 18 қыркүйек 2019

Шалқар қаласында "Қамқор парк" аллеясы ашылды. Жаңа демалыс орны орталық саябақта орналасқан. Ауыл белсенділерінен құралған топ аумақты тазартып, ағаш көшеттерін отырғызды. Көгалдандыру жұмыстарына темір жолшылар, мемлекеттік қызметкерлер мен ардагерлер атсалысты. Туған жердің гүлденуіне Шалқар қаласының тұрғындарымен қатар, кәсіпорын ұжымдары да ерекше үлес қосуда. Бұл ретте аудандағы ғасырға жуық тарихы бар теміржол мекемесінің үлесі зор. Ацияның аясында саябақ ішінен арнайы аллея ашып, оны абаттандырып, тұрғындарға ұсынып отырған да осы мекеме. Ауыл ардагерлері "Қамқор Park" аллеясы жастардың сүйікті демалыс орнына айналады деген сенімде.  Теміржолшылар алдағы уақытта тұрғындар үшін арнайы жүргінші жол салып, орындықтар орнатпақ. Жарықшамдар айдың аяғына дейін қондырылуы тиіс. Әзір аллеяға 300 көшет отырғызылды. Олардың арасында жыл он екі ай жасыл болып тұратын шырша, қарағай сияқты ағаштар бар.Қамқор парк аллеясы еліміздің 4 өңірінде ғана бар. Солардың бірі-Шалқар қаласында. Салтанатты шара ауыл өнерпаздарының қатысуымен  мерекелік концертке ұласты.

Тақырып бойынша материалдар

Танымал жаңалықтар

ОБЛЫС ӘКІМІ ЖҰМЫСШЫЛАР ЖАЛАҚЫСЫН КӨТЕРУДІ ТАПСЫРДЫ
18:54, 15 қараша 2019
ОБЛЫС ӘКІМІ ЖҰМЫСШЫЛАР ЖАЛАҚЫСЫН КӨТЕРУДІ ТАПСЫРДЫ
Толығырақ...