ШҰҒЫЛ! СПЕЦИАЛИСТЫ ИЗ РОССИИ ПРОВЕРЯЮТ ЗРЕНИЕ АКТЮБИНЦЕВ Толығырақ

Қамыс өсіп, қала батпаққа айналды

20:00, 17 мамыр 2017

Қаланың Оңтүстік-Батыс-1 ауданы қамыс өсіп, батпаққа айналған. Арнамызға шағым айтқан тұрғындар бұл жағдай бірнеше жылдан бері қайталанып отыр дейді. Олар адам бойын жасыратын қалың қамыс өртенсе, үйлерге қауіп болады деп алаңдап отыр. Ал батпақтан шыққан жағымсыз иіс қолқаны қабады, үй ішінде бақа-шаян өріп жүр дейді тұрғындар.

Бұл - Оңтүстік-Батыс 1 ауданындағы ең шеткі үйлердің бірі. Көшеге Абылайханның тікелей ұрпағы Арыстан батырдың есімі берілген. Тек атына заты сай болмай тұр деп тұрғындары қынжылды. Қалың қамыс өткен жылы өртеніп, өрт сөндірушілер, көрші-көлем бірігіп, әрең өшірген. Ал батпақ шілденің шіліңгір ыстығында шіріп, иісі қолқаны қабады, үйімізге құрбақа, құрт-құмырсқа, тышқандар қаптап кетті дейді тұрғындар.  

РАШИД  СЛАНБЕКОВ, ТҰРҒЫН

Қамыс қалың өскен аумақ 200 метрге созылған. Көлшік кеппейді, жыл өткен сайын нағыз батпаққа айналып бара жатыр. Бұл жерге тұрғындар қаладан келіп, күл-қоқыс қана емес, өлекселерді де тастап кетеді дейді тұрғындар. Бұл жағдайды бізден естіген Табыс серіктестігі мен №20 басқарушы компания өкілдері жағдайды барып көреміз жеп уәде етті.

Оңтүстік-Батыс ауданының тағы бір проблемасы жолдың жолсызға айналғаны. Асфальтті тұрғындар аңсамайды да. Тек қиыршық тас төсеп, тегістеп берсе екен деп армандайды.

ОСПАН ТҰРАШЕВ, ТҰРҒЫН

Биыл Ақтөбеде 20 көше жолы салынады. Негізінен екінші деңгейлі көшелерге маңыз берілмек. Тағы да 10 жолға жөнделеді. Бірақ, өкінішке орай, Арыстан батыр көшесі бұл жоспарға енгізілмей қалған.

Айгүл Байменова

Тақырып бойынша материалдар

КАМАЗ КӨЛІГІНІҢ ЖҮРГІЗУШІСІН АТЫП КЕТТІ
19:51, 25 сәуір 2018
КАМАЗ КӨЛІГІНІҢ ЖҮРГІЗУШІСІН АТЫП КЕТТІ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

СПЕЦИАЛИСТЫ  ИЗ  РОССИИ ПРОВЕРЯЮТ  ЗРЕНИЕ  АКТЮБИНЦЕВ
17:45, 24 сәуір 2018
СПЕЦИАЛИСТЫ ИЗ РОССИИ ПРОВЕРЯЮТ ЗРЕНИЕ АКТЮБИНЦЕВ
Толығырақ...
АҚТӨБЕЛІК ЖАСТАРДЫҢ БІР МИЛЛИОН ТЕҢГЕ ГРАНТ ҰТЫП АЛУ МҮМКІНДІГІ БАР
16:47, 20 сәуір 2018
АҚТӨБЕЛІК ЖАСТАРДЫҢ БІР МИЛЛИОН ТЕҢГЕ ГРАНТ ҰТЫП АЛУ МҮМКІНД...
Толығырақ...
МҮМКІНДІГІ ШЕКТЕУЛІ ЖАСТАРДЫ ЖҰМЫСҚА ОРНАЛАСТЫРУ
18:03, 23 сәуір 2018
МҮМКІНДІГІ ШЕКТЕУЛІ ЖАСТАРДЫ ЖҰМЫСҚА ОРНАЛАСТЫРУ
Толығырақ...