ШҰҒЫЛ! ТЕЛЕЖУРНАЛИСТЕР АРАСЫНДА ҮЗДІК ЖУРНАЛИСТІК ЗЕРТТЕУГЕ АРНАЛҒАН РЕСПУБЛИКАЛЫҚ БАЙҚАУ Толығырақ

ҚАНДЫАҒАШТА ЖАҢА МЕШІТ АШЫЛДЫ

21:03, 7 қараша 2019

Қандыағаш қаласында жаңа мешіт бой көтерді. Алланың үйі қасиетті жұма күні пайдалануға берілді. Мешіттің ашылу салтанатына Ақтөбе облыстық «Нұр Ғасыр» мешітінің бас имамы, қала басшылығы, тұрғындар келді. Жиналғандарды қала əкімі, аудандық ардагерлер кеңесі өкілдері құттықтады. Мешітті жергілікті кәсіпкер, аудандық мәслихаттың депутаты Бақытжан Қадралин өз қаражатына салды. Облыстың бас имамы Төле би Оспан мұғалжарлықтарға Қазақстан мұсылмандар діни басқармасының төрағасы, бас мүфти Серікбай қажы Сатыбалдыұлының атынан құттықтау лебізін жеткізіп, мешітті салған кәсіпкерге алғысын білдірді. «Қадірәлі ата» деп аталатын жаңа мешіттің Қазақстан мұсылмандар діни басқармасына ресми түрде тіркелгендігі туралы куәлік Бақытжан Қадыралинге табысталды. Еңселі мешіт 3 айда тұрғызылды. Ғибадат үйінің жалпы аумағы 800 шаршы метр. 850 адамға шақталған. Мешітте тек ер адамдар ғана құлшылық ете алады. Құрылысқа кәсіпкер 50 миллион қаражатын салды. Венера Серғазы

Тақырып бойынша материалдар

ДӘРІ-ДӘРМЕК МӘСЕЛЕСІ КҮН ТӘРТІБІНДЕ ТҰР
18:43, 25 қыркүйек 2020
ДӘРІ-ДӘРМЕК МӘСЕЛЕСІ КҮН ТӘРТІБІНДЕ ТҰР
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

ТЕЛЕЖУРНАЛИСТЕР АРАСЫНДА ҮЗДІК ЖУРНАЛИСТІК ЗЕРТТЕУГЕ АРНАЛҒАН РЕСПУБЛИКАЛЫҚ БАЙҚАУ
13:14, 24 қыркүйек 2020
ТЕЛЕЖУРНАЛИСТЕР АРАСЫНДА ҮЗДІК ЖУРНАЛИСТІК ЗЕРТТЕУГЕ АРНАЛҒА...
Толығырақ...