ШҰҒЫЛ! ЖЕРГІЛІКТІ ӨНІМ ӨЗІМІЗГЕ ЖЕТПЕЙДІ Толығырақ

ҚАРАПАЙЫМ ЗАТТАР ЭКОНОМИКАСЫ - МЕМЛЕКЕТТІҢ ҚОЛДАУЫ

19:52, 13 қыркүйек 2019

Қарапайым заттар экономикасы: Ақтөбеде биыл 2 жоба мақұлданды. Бұл туралы өңір басшысы Оңдасын Оразалиннің қатысуымен өткен кеңесте айтылды. Жиынға басқарма басшылары, банк өкілдері мен онлайн режимінде аудан әкімдері де қатысты. Қарапайым заттар экономикасы негізінен 2 бағыттан тұрады. Алғашқысы-кәсіпкерлік субъек­тілеріне жеңілдетілген несие бөлу, екіншісі - өнеркәсіп салаларын дамыту. Жеңілдетілген несие бойынша банктер кәсіп­керлерге 7 жылға 15 процентпен несие береді. Осы жеңілдіктер жайлы кәсіпкерлер білмейді. Бұған аудан әкімдері мен басқарма басшылары кінәлі. Облыс бойынша небары 9 жоба мақұлданып,  жалпы құны 332 млн. теңгеге несие берілді. Қазір 97 жоба бойынша жұмыс жүргізілуде. Оңдасын Оразалин кәсіпкерлік субъектілері жайлы жалған ақпарат беріп келген аудан басшыларына сөгіс жариялады. "Атамекен" кәсіпкерлер палатасының басшысы Анар Даржанованың айтуынша, Қарапайым заттар экономикасы жобасы туралы аудан әкімдері ауыл кәсіпкерлеріне ақпарат жеткізбеген.  Оңдасын Оразалин аталған бағдарлама аясында жұмысты дұрыс үйлестірмеген, әрі жаңа жобаларды ашуға асықпаған аудан басшыларына ескерту жасады. Бизнес субектілерімен және қаржы институттарының өкілдерімен кездесулер өткізуді тапсырды.

ЖАНАР ДАТҚЫЗЫ

Тақырып бойынша материалдар

АЙЫППҰЛДАН ЖАЛТАРҒАНДАР КӨЛІКТЕРІНЕН АЙЫРЫЛАДЫ
19:53, 22 қазан 2019
АЙЫППҰЛДАН ЖАЛТАРҒАНДАР КӨЛІКТЕРІНЕН АЙЫРЫЛАДЫ
Толығырақ...
ОБЛЫСТАҒЫ ҮШ САЛАНЫҢ МӘСЕЛЕСІ ҚАРАЛДЫ
19:52, 22 қазан 2019
ОБЛЫСТАҒЫ ҮШ САЛАНЫҢ МӘСЕЛЕСІ ҚАРАЛДЫ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

БІЛІМ БЕРУДІҢ ТИІМДІ ЖҮЙЕСІ  ТАЛҚЫЛАНДЫ
18:07, 18 қазан 2019
БІЛІМ БЕРУДІҢ ТИІМДІ ЖҮЙЕСІ ТАЛҚЫЛАНДЫ
Толығырақ...