ШҰҒЫЛ! ЛАТЫН ӘЛІПБИІ ЕНГІЗІЛЕ БАСТАЙДЫ Толығырақ

Қарттарға көмек көрсетілді

17:54, 12 желтоқсан 2017

Тәуелсіздік күні қарсаңында қарттар және мүгедектер үйінде қайырымдылық акциясы өтті. Игі шара  қарттарға қуаныш сыйлады. Өнерпаздар ән-жырын арнады. Кәсіпкерлер үй тұрғындарына кеудеше мен қысқы аяқ киім және жеміс-жидек  толы кәрзеңкелер тарту етті.

Бұл үйдің тұрғындарының тағдыры сан қилы. Кейбіреулері жалғыздығынан осын да тап болған, бірқатары арбаға таңылған мүгедек, енді біреулерін мейрімсіз балалары әкеліп тастаған. Сондықтан да болар,  осында келетін жандарды қарттар  ерекше ықыласпен қарсы алып, риза болып жатады.  Биязы Сатыбалдиева да осы үйдің тұрғыны. Ол бүгінгі сыйлыққа балаша қуанды.

Қайырымдылық шарасын ұйымдастырған облыстық маслихат пен  «Глобал» серіктестігі,  кәсіпкер Шынар Егізбаева және  «Атамекен» кәсіпкерлер палатасы қарттарға 250 жылы кеудеше мен  аяқ киім,  жеміс-жидек  сыйлады.  

Қазір  қарттар үйінде 234 адам тұрып жатыр. Оларға барлық жағдай жасалған. Мемлекеттен тиесілі әлеуметтік жеңілдіктерге түгел қолдары жетіп отыр, - дейді мамандар. 

Қайырымдылық жасағысы келетіндер қатары жыл санап артып отыр, - дейді қарттар үйнінің қызметкерлері. Үлкенге құрмет көрсетуді насихаттау "Рухани жаңғырумен" үндес. Осындай игі істер тек мереке күндерімен  шектелмей,  тұрақты жалғаса берсе деген тілек білдірді қариялар.

Тақырып бойынша материалдар

МЫҢҒА ЖУЫҚ АҚТӨБЕЛІК ӘСКЕРГЕ АТТАНАДЫ
21:37, 18 қыркүйек 2019
МЫҢҒА ЖУЫҚ АҚТӨБЕЛІК ӘСКЕРГЕ АТТАНАДЫ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

ҚАРАПАЙЫМ ЗАТТАР ЭКОНОМИКАСЫ - МЕМЛЕКЕТТІҢ ҚОЛДАУЫ
19:52, 13 қыркүйек 2019
ҚАРАПАЙЫМ ЗАТТАР ЭКОНОМИКАСЫ - МЕМЛЕКЕТТІҢ ҚОЛДАУЫ
Толығырақ...