ШҰҒЫЛ! ХАЛЫҚАРАЛЫҚ СПОРТ ШЕБЕРІ Толығырақ

ҚАРЫЗ ЕҢБЕГІ ЗАҢМЕН РЕТТЕЛЕТІН БОЛДЫ

17:51, 14 қазан 2020

Жұмыспен қамту агенттіктері арқылы қызметке орналасқан азаматтардың құқығы заңмен қорғалады. Бүгін мәжіліс қарыз еңбекті реттеу туралы заң жобасын бірінші оқылымда мақұлдады. Енді қарыз еңбегі принципі бойынша жұмыс істейтіндердің мүдделері, жалақысы, қауіпсіздігі заң бойынша қадағаланады. Мәселен, келісім шартпен жұмыс істейтін қызметкердің жалақысы дәл сондай лауазымдағы компания маманынан кем болмауы тиіс. Сондай-ақ, жұмысшының жазатайым оқиғалардан сақтандырылуы да компанияның мойнына жүктеледі. 
КӘРІБАЙ МҰСЫРМАН ҚР ПАРЛАМЕНТІ МӘЖІЛІСІНІҢ ДЕПУТАТЫ
Заң жобасының қарыздық еңбек саласында жұмыс істейтін азаматтардың қауіпсізджік және гигиена талаптарына сай келетін еңбек жағдайларын еңбегі үшін қандай да бір кемсітусіз сыйақы алуын, әлеуметтік қорғалуын жұмыс берушінің қамтамасыз етуіне бағытталған. 

Жалпы қарыз еңбегі принципі Қазақстанда 20 жыл бойы пайдаланылып келеді. Дегенмен әлі күнге дейін заң бойынша реттелмеген. Нәтижесінде жалдамалы қызметкерлердің құқықтары өрескел бұзылып жатыр. Ал жаңа құжатта жұмыс беруші, қызметкерді ұсынушы мен қарапайым жұмысшының барлық мүмкіндіктері мен міндеттері толық жазылған деді Мәжіліс Төрағасы Нұрлан Нығматулин

Тақырып бойынша материалдар

Танымал жаңалықтар

"ШАҢЫРАҚ" БАҒДАРЛАМАСЫНА ӨТІНІМ ҚАБЫЛДАУ БАСТАЛДЫ
20:10, 28 қазан 2020
"ШАҢЫРАҚ" БАҒДАРЛАМАСЫНА ӨТІНІМ ҚАБЫЛДАУ БАСТАЛДЫ
Толығырақ...
АҚЫН Т.АЙБЕРГЕНОВ АТЫНДАҒЫ КОНФЕРЕНЦ-ЗАЛ АШЫЛДЫ
15:52, 27 қазан 2020
АҚЫН Т.АЙБЕРГЕНОВ АТЫНДАҒЫ КОНФЕРЕНЦ-ЗАЛ АШЫЛДЫ
Толығырақ...