ШҰҒЫЛ! АЙМАҚТАҒЫ ЖАЛПЫ АХУАЛ Толығырақ

ҚАСИЕТТІ АЙДАҒЫ ҚАДІР ТҮНІ

18:31, 19 мамыр 2020

 Бүгін - Қадір түні. Бұл қасиетті түнді мұсылман жұрты асыға күтеді. Өйткені дұға-тілектер орындалып, алдағы тағдыры айқандалатын, жақсылықтары жазылатын уақыт. Әдетте, халық Қадір түнін мешітте игі амалдар жасап, уағыз тыңдап өткізетін. Ал, биыл әр адам өз үйінде қарсы алады. Өйткені карантинге байланысты мешіттер жабық. Үйде Қадір түнін қалай өткізу керек? Дастархан жайып отыруға болады ма? Бейнесюжетке назар салайық... Қасиетті түнді жеке құлшылықпен, ғибадатпен, дұға етіп, тілек тілеумен, намаз оқып, зікір салумен өткізу қажет. Бұл игі амалдар ақшам намазының уақыты, яғни, ауыз ашардан соң орындалып, таң намазына дейін жалғасады. Алайда... 
ТӨЛЕБИ ОСПАН 
ОБЛЫСТЫҢ БАС ИМАМЫ
Түнді ұйқысыз өткізу бір міндет болып саналмайды. Міндеті - бұл жақсы амалдармен өткізу. Теледидар тамашалап, бос амалдар жасап, телефон шұқылап, яки болмаса ісімді бітіріп алайын ұйықтамасам болды деп, жаңағы киім тігіп, яки кір жуып деген секілді емес... Бұл мың айға тең келетін түн болғандықтан біздің ықласымыз да, әрекетіміз де осыған сай болу керек. 
Ал, намаз оқып, құлшылықтың ретін білмейтіндерге онлайн түрде өтетін уағызды тыңдауға кеңес берілді.  
ТӨЛЕБИ ОСПАН 
ОБЛЫСТЫҢ БАС ИМАМЫ
"Нұр-Ғасыр" мешіті кешкі, түнгі 10.40-тан 12.30-ға дейін мешіттің инстаграмм желісі арқылы тікелей эфирге шығып, уағыз-насихат жүргізетін болады. Осы эфирді пайдалануға шақырамыз... 
Бүгінде Қадір түнін Қыдыр атаның келетін кезімен шатастыратындар әлі де көп. Әр адамның тағдыры жазылатын түн болғандықтан, бұл кезде жеке ғибадаттар орындалу керек.  
ТӨЛЕБИ ОСПАН 
ОБЛЫСТЫҢ БАС ИМАМЫ
Алла Тағаланың осы түні сұрағанымды береді деген үмітпен, қандай қалағаныңыз бар, қандай қажетіңіз бар, міне сол сұралу керек. Алайда, дастархан жайып, дастарханның басында отбасы мүшелері сол сәресі уақытына дейін ашық дастарханның басында, қалаған уақытнда тамақтануына ешқандай жаңағы қайшылық жоқ...
Қасиетті кітап түскен бұл түні,
Құран оқу керектігін ұмытпа! 
Жылы төсек қызықтырып жантайма,
Теледидар, интернетке аңқайма
Бағалай біл Қадір түнін бауырлар! 
Тең келетін 83 жыл 4 айға. 
ГҮЛНАРА ЖОЛЖАНОВА

Тақырып бойынша материалдар

Танымал жаңалықтар