ШҰҒЫЛ! ХАЛЫҚАРАЛЫҚ СПОРТ ШЕБЕРІ Толығырақ

"ҚАУІПСІЗ ЖОЛ" АКЦИЯСЫ ЖАЛҒАСТЫ

19:25, 24 қыркүйек 2020

 Жол ережесін сақтау - жүргізуші мен жүргіншінің міндеті. Құқық қорғау органдары тарапынан жүргізіліп жатқан түрлі профилактикалық шара тұрғындардың амандығын көздейді. Шілде айында басталған "Қауіпсіз жол" акция кезінде мыңнан аса әкімшілік құқықбұзушылық анықталды.
Қала көшелерінде көліктің небір түрі бар. Шетелдік дейсіз бе, отандық өнім дейсіз бе, бәрін кездестіруге болады. Десе де көлік тізгіндегеннің барлығы бірдей жол ережесін сақтай ма, мәселе сонда? Жылдамдықты шамадан тыс асырып, қайғылы оқиғаға себепкер болып жататыны жасырын емес. "Қауіпсіз жол" іс-шарасының нәтижесі сөзімізге дәлел. 
Бұл деректер екі айға жетер, жетпес уақытқа тым көп. Әсіресе, көлікті мас күйінде тізгіндегендер саны азаймауы ойлантуы тиіс. Қанша жерден заңды күшейтіп, айыппұл көлемін арттырғанмен жол ережесін бұзу оқиғасы көп болып тұр. Бүгін мамандар жүргізушілерге ескерту беріп, арнайы ақпараттық парақша таратты. Қалғанын көлік мінген ағайынның жауапкершілігіне қалдырдық. 

Дархан Мектепбай

Тақырып бойынша материалдар

Танымал жаңалықтар

"ШАҢЫРАҚ" БАҒДАРЛАМАСЫНА ӨТІНІМ ҚАБЫЛДАУ БАСТАЛДЫ
20:10, 28 қазан 2020
"ШАҢЫРАҚ" БАҒДАРЛАМАСЫНА ӨТІНІМ ҚАБЫЛДАУ БАСТАЛДЫ
Толығырақ...
АҚЫН Т.АЙБЕРГЕНОВ АТЫНДАҒЫ КОНФЕРЕНЦ-ЗАЛ АШЫЛДЫ
15:52, 27 қазан 2020
АҚЫН Т.АЙБЕРГЕНОВ АТЫНДАҒЫ КОНФЕРЕНЦ-ЗАЛ АШЫЛДЫ
Толығырақ...