ШҰҒЫЛ! КАРАНТИН ЕРЕЖЕСІН БҰЗДЫ Толығырақ

ҚАУІПСІЗДІК ЕРЕЖЕСІН САҚТА!

19:06, 29 шілде 2020

От - тілсіз жау! Апаттың алдын алу үшін үнемі сақтық шарасын ұстанған абзал. Егер ережеге бағынбаса, айыппұл төлейді. Қалада қауіпсіздік ережесін сақтамаған 80-ге жуық тұрғын өз ісіне жауап берді. Айыппұл арқалады. Төтенше жағдайлар басқармасы тексеруді әрі қарай жалғастырады. Әсіресе жылыту маусымына дайындықты бүгіннен бастаған жөн. 
Жыл басынан бері Ақтөбе қаласы бойынша 202 өрт тіркелді. Өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 11 пайызға төмен. Сақтық шарасын ұмытпасақ, бұл деректі әлі де азайтуға мүмкіндік бар.
Сондай-ақ, мамандар  жылыту маусымы кезінде мұқият болуға шақырады. Атап айтқанда, жеке тұрғын үйлердегі пеш жабдықтарын ретке келтіру үлкен маңызға ие. Абайламаса шала сөнген шоқтың өзі алапат өртке айналуы әбден мүмкін.
Жылыту маусымына дайындықты ертеңге қалдырмай, уақытында жасау - отбасы амандығының кепілі. Мамандар айтқан ереже жадымыздан шықпасын.

 

Тақырып бойынша материалдар

МЕКТЕП-ИНТЕРНАТ ҚҰРЫЛЫСЫ АЯҚТАЛУҒА ЖАҚЫН
16:57, 7 тамыз 2020
МЕКТЕП-ИНТЕРНАТ ҚҰРЫЛЫСЫ АЯҚТАЛУҒА ЖАҚЫН
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар