ШҰҒЫЛ! ЖЫЛУ ҚАЗАНДЫҚТАРЫ ЖАҢАРТЫЛУДА Толығырақ

Қаза болған полиция қызметкерлерінің құрметіне ескерткіш орнатылды

20:14, 12 қазан 2017

Хромтау қаласында қызметтік міндетін өтеу кезінде қылмыскерлердің қолынан қаза болған ішкі істер органдарының қызметкерлеріне ескерткіш-стелла ашылды. Ескеткіш жанында тәртіп сақшыларының құрметіне тал егілді. Полиция қызметкерлерінің ерлік істеріне тағзым еткен шараға ішкі істер департаментінің басшылығы, құқық қорғау органдарының ардагерлері, марқұмдардың туыстары қатысты.

Биіктігі үш метр болатын стелла полиция майоры Бұжыр Иманғазиннің қызының бастамасымен  "Туған жерге тағзым" акциясының аясында бой көтерді. Мойор Иманғазин 1980 жылдың 7 тамызында Хромтау ауданының тұрғынын қылмыс үстінде ұстап, құрықтайды. Тергеу барысында айыпталушы мен оның туған-туыстары істі жауып тастауды талап етіп, тергеушіге қоқан-лоқы көрсетеді. Бұл іс насырға шауып, сол жылдың 13 тамызы күні мойор Иманғазинді және оның әйелін өз үйінде қылмыскерлер атып өлтіреді.  

РАЙСА  ИМАНҒАЗИНА, Б.  ИМАНҒАЗИННІҢ ҚЫЗЫ

- Жастар, кейінгі буын, жас полиция қызметкерлері ерліктің, адалдықтың үлгісін танулары керек. Мұндай қайғылы жағдай қызмет саласында болмағанын қалаймыз. Адамдар бір-біріне мейірімді болса екен. Бейбітшілікті тілейік

Сондай-ақ, бұл ескерткіш учаскелік инспекторы Қымбатқазы Оразалиннің есімін де мәңгілік етті. Ол да суық қару ұстаған қылмыскерлердің қолынан қызмет бабында қаза болды. Аса ауыр қылмыс 2009-шы жылдың 13-ші шілдесі күні болды. Ескерткіштің ашылу салтанатында ішкі істер департаменті бастығының орынбасары Андрей Хайрулин полиция қызметкерлері әріптестерін мәңгі жадында ұстайтынын, ұрпаққа ерліктерін үлгі ететінін айтты. Ал Оразалиннің артында қалған балалары мен зайыбы еске алу шарасы үшін алғыстарын жеткізді.

Ескерткішті орнатқандардың ерекше үлесін аудан әкімі Аманғали Бердалин де атап өтті. Қаза болған тәртіп сақшыларының әріптестері, туыстары сөз сөйледі. Бұл келешек ұрпақ үшін аға буынның аманаты десті олар.

Еске алу шарасынан кейін ескерткіш ашылған аумаққа көпшілік тал отырғызды. Болашақта бұл жер тәртіп сақшыларының саябағы болмақ. Ескерткіш пен саябақ құқық қорғау органдарына қызметке келетін жастарға өнеге болуы тиіс.

Ұлағат Арғынұлы

Тақырып бойынша материалдар

WIPON АРҚЫЛЫ ЖАЛҒАН ӨНІМДІ  АНЫҚТАУҒА БОЛАДЫ
18:12, 25 қыркүйек 2018
WIPON АРҚЫЛЫ ЖАЛҒАН ӨНІМДІ АНЫҚТАУҒА БОЛАДЫ
Толығырақ...
АҚЫН МЫРЗАН КЕНЖЕБАЙДЫҢ ШЫҒАРМАШЫЛЫҚ КЕШІ
18:08, 25 қыркүйек 2018
АҚЫН МЫРЗАН КЕНЖЕБАЙДЫҢ ШЫҒАРМАШЫЛЫҚ КЕШІ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

"БІР ТҮП АЛМА АҒАШЫ" ТЕАТР МАУСЫМЫН АШТЫ
20:08, 21 қыркүйек 2018
"БІР ТҮП АЛМА АҒАШЫ" ТЕАТР МАУСЫМЫН АШТЫ
Толығырақ...
АҚТӨБЕДЕ "АНАҒА ТАҒЗЫМ" ОРТАЛЫҒЫ АШЫЛДЫ
18:00, 21 қыркүйек 2018
АҚТӨБЕДЕ "АНАҒА ТАҒЗЫМ" ОРТАЛЫҒЫ АШЫЛДЫ
Толығырақ...