ШҰҒЫЛ! ЛАТЫН ӘЛІПБИІ ЕНГІЗІЛЕ БАСТАЙДЫ Толығырақ

ҚАЗАҚ-ОРЫС ХАЛЫҚАРАЛЫҚ УНИВЕРСИТЕТІНДЕ МУЗЕЙ АШЫЛДЫ

20:46, 12 маусым 2019

Қазақ-Орыс халықаралық университетінің 25 жылдығына орай, оқу орнында музей ашылды. Мұнда сонау көне дәуірлерден бергі қазақ  халқының тарихынан, тәуелсіз Қазақстанның қалыптасу кезеңінен ақпарат беретін жәдігерлер қойылған. Музейдің ашылуы Қазақ-Орыс Халықаралық университетінің Ақтөбенің 150 жылдығына арнаған сыйы болды.Этнографиялық музей ашу оқу орны ректорының идеясы. Елбасының "Рухани жаңғыру" және "Ұлы даланың жеті қыры" бағдарламалық мақалаларын оқығаннан кейін Темірхан Бердімұратовқа осы ой келді. Музейдің мақсаты - студенттерге біздің халқымыздың салт-дәстүрін, қорлөнерін, кәсіпшілік тарихын таныстыру.

ЕРЛАН  МЕДЕУБАЕВ /ҚАЗАҚ-ОРЫС ХАЛЫҚАРАЛЫҚ УНИВЕРСИТЕТІ МУЗЕЙІНІҢ ДИРЕКТОРЫ

- Біз осындағы жәдірегрлермен сәкестендірлірген бөлімдер жасақтадық. Әр экспонат өзіне лацйықты бөлімде тұр. Ағаштан, темірден жасалған бұымдар, зерлерлік өнер, сүйектен жасалған дүниелер, ұстаханалық іс, аңшылық, қыштан жасалған заттар әр қайсысы бөлек орналастырылды.

Музей тек жинақталған жәдігерлерімен, заманауи дизайнымен және айырықша орнымен ғана ерекшеленбейді, мұнда жұлдызды аспан күмбезі де бар. Шоқ жұлдыздарды бейнелейтін шырақтарды орналастыруда да өзіндік ерекшелік бар. Бұл құдды бір жеті қарақшы мен темірқазықты еске түсіреді.

ЕРЛАН  МЕДЕУБАЕВ /ҚАЗАҚ-ОРЫС ХАЛЫҚАРАЛЫҚ УНИВЕРСИТЕТІ МУЗЕЙІНІҢ ДИРЕКТОРЫ

-Біз жұлдызды аспанды жасағанымызда көшпенділердің көзімен қарауға тырыстық. Түркі жұрты байтақ далада уақыт көшін темірқазыққа қарап айырып отырған. Сондықтан, біздер негізгі жұлдыздар шоғырын бейнелеуге тырыстық.

Сондай-ақ, музейде "Ақтөбенің кіндігі" де бар. Бұл орынның атауында терең мән жатыр. муражайдың маңызын студенттер де жақсы сезінеміз дейді.

АЛЬБИНА  КАДЫРКУЛОВА /ҚАЗАҚ-ОРЫС ХАЛЫҚАРАЛЫҚ УНИВЕРСИТЕТІ МУЗЕЙІНІҢ СТУДЕНТІ

-Біз студент ретінде Қазақстан тарихынан емтихан тапсырамыз. Осы музейге қарап, біз қазақ тарихының бір бөлшегін көрдік, бізге бұл сабақта, әсіресе, емтихан кезінде үлкен көмек.

Айта кету керек, музей Қазақ-Орыс халықаралық университетінде музейдің ашылуы Ақтөбе қаласының 150 жылдығына тарту болды.

Азамат Әбілқайыр

Тақырып бойынша материалдар

ЖАСӨСПІРІМДЕР МӘСЕЛЕСІ  АЛАҢДАТАДЫ
20:52, 16 қыркүйек 2019
ЖАСӨСПІРІМДЕР МӘСЕЛЕСІ АЛАҢДАТАДЫ
Толығырақ...
IT ТЕХНОЛОГИЯЛАР ТҮРЛІ САЛАДА ҚОЛДАНЫСҚА ЕНЕДІ
20:46, 16 қыркүйек 2019
IT ТЕХНОЛОГИЯЛАР ТҮРЛІ САЛАДА ҚОЛДАНЫСҚА ЕНЕДІ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

ҚАРАПАЙЫМ АДАМДАРДЫҢ МҮДДЕСІ ҚОРҒАЛАДЫ
20:10, 10 қыркүйек 2019
ҚАРАПАЙЫМ АДАМДАРДЫҢ МҮДДЕСІ ҚОРҒАЛАДЫ
Толығырақ...
ЕЛБАСЫ МӘЖІЛІС ТӨРАҒАСЫН ҚАБЫЛДАДЫ
20:15, 10 қыркүйек 2019
ЕЛБАСЫ МӘЖІЛІС ТӨРАҒАСЫН ҚАБЫЛДАДЫ
Толығырақ...
ҚАРАПАЙЫМ ЗАТТАР ЭКОНОМИКАСЫ - МЕМЛЕКЕТТІҢ ҚОЛДАУЫ
19:52, 13 қыркүйек 2019
ҚАРАПАЙЫМ ЗАТТАР ЭКОНОМИКАСЫ - МЕМЛЕКЕТТІҢ ҚОЛДАУЫ
Толығырақ...