ШҰҒЫЛ! ОБЛЫСТА ҚЫЛМЫС 15 ПАЙЫЗҒА АЗАЙДЫ Толығырақ

ҚАЗАҚ-ОРЫС УНИВЕРСИТЕТІНІҢ СТУДЕНТІ САНКТ - ПЕТЕРБОРДА ПІКІРСАЙЫСҚА ҚАТЫСАДЫ

17:32, 13 маусым 2019

Қазақ-Орыс халықаралық университетінің студенті Роман Есеналин Қазақстанның атынан Санкт Петерборда өтетін пікірсайысқа қатысады. Роман болашақ психолог. Ол бұл дебат ойындарында ТМД құрама командасында. Бұл тек университет үшін ғана емес, өңіріміз үшін маңызды

Роман екі жылдан бері Қазақ-Орыс халықаралық универсиеті жанындағы "Эристика" пікірсайыс клубының құрамында. Жас жігіт университет пен Ақтөбе облыстық мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес департаменті ұйымдастырған дебат турнирлерінің жүлдегері, облыстық пікірсайыстың екі мәрте чемпионы, сондай-ақ, республикалық деңгейдегі пікірсайыстың да жеңімпазы.  

РОМАН  ЕСЕНАЛИН /ҚАЗАҚ-ОРЫС ХАЛЫҚАРАЛЫҚ УНИВЕРСИТЕТІНІҢ ПСИХОЛОГИЯ КАФЕДРАСЫНЫҢ СТУДЕНТІ

-Дебат - зияткерлік ойын. Ол біріншіден, шешендік өнерді, сыни ойлауды дамытады. Біз Ақтөбе қаласындағы ең ірі дебат клубымыз. Негізінен сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыруға үлес қосып келеміз. Бұдан, бөлек әлемдік ауқымды тақырыптарымыз да бар. Мәселен, көші-қонға, Сириядағы жағдайға қатысты өзекті тақырыптарды талқылаған кезіміз болды.

Роман Қазақ-Орыс халықаралық уинверситетінің атынан Орталық сайлау комиссиясы ұйымдастырған дебатқа да қатысты. Ол жердле еліміздегі 30 жоғары оқу орнынан 170 студент болды. Нәтижесінде қазылар алқасы Романды Санкт-Петерборда өтетін пікірсайысқа Қазақстанның атынан қатысады деп таңдап алды.  

РОМАН  ЕСЕНАЛИН /ҚАЗАҚ-ОРЫС ХАЛЫҚАРАЛЫҚ УНИВЕРСИТЕТІНІҢ ПСИХОЛОГИЯ КАФЕДРАСЫНЫҢ СТУДЕНТІ

- Ол жерде сайлау процесіне қатысты тақырып талқыланатын болады.  Мен өзіме артылған жауапкершілікті жақсы сезінемін. Қазір дайындалып жатырмын. Қыркүйекке дейін дайындықты үзбеймін, оқимын, саралаймын.

Іріктеу кезеңінде сайлау құқықығы және дебат туралы білімге арналған викторниралық сұрақтар ұйымдастырылды. Айта кету керек, бұл викторина ТМД парламентаралық Кеңесімен серіктестікке құрылған халықаралық жобаның ұлттық кезеңі. Өз таңдауын жасаған жалынды жас Бізге артылған сенім жүгі зор дейді.

Айгүл Байменова

Тақырып бойынша материалдар

 ЖҮРГІЗУШІ КУӘЛІГІН ОНЛАЙН АЛУҒА БОЛАДЫ
21:18, 18 маусым 2019
ЖҮРГІЗУШІ КУӘЛІГІН ОНЛАЙН АЛУҒА БОЛАДЫ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

ЫРҒЫЗДЫҚ ӨНЕРТАПҚЫШ КӨЛІК ОЙЛАП ТАПТЫ
20:52, 12 маусым 2019
ЫРҒЫЗДЫҚ ӨНЕРТАПҚЫШ КӨЛІК ОЙЛАП ТАПТЫ
Толығырақ...