ШҰҒЫЛ! ХАЛЫҚАРАЛЫҚ СПОРТ ШЕБЕРІ Толығырақ

ҚАЗАҚ ТІЛІН МЕҢГЕРГЕНДЕР КӨП

11:24, 13 қазан 2020

 Өңірде қазақ тілін меңгергісі келетіндердің қатары артқан. Алайда мемлекеттік тілде сөйлегенді мақтан тұтатындай жағдайға жете алмай келеміз. Өйткені қоғамда қазақ тіліне деген қажеттілік жоқ дейді - тіл мамандары. Оған қоса, тілді қорлап, "жарымжан" жарнама жасайтындар да азаймай тұр
Тілдерді дамыту басқармасы 9 айды қорытындылап есеп берді. Атқарылған жұмыс көп. Мемлекеттік тілді меңгерем деп, курстан өткендер саны 15 мыңнан асып жығылады. Әрине елдегі төтенше жағдайға байланысты қашықтан оқыды. Қазақ тілінің мәртебесі артқанымен, қоғамдағы қажеттілігі асқақтамай отыр дейді- басқарма басшысы.    
Жүре берсең, көре бересің дегендей, әлі күнге дейін қалада құлаққа жағымсыз естілетін көше атаулары бар. Сондықтан биылдың өзінде 128 көшеге атау беріліп, идеологиялық тұрғыдан ескірген 4 көше  қайта өзгертілді. Ал, көшедегі жарнамалардың қатесінен көз сүрінеді. Аптасына бірнеше рет тексеру жүргізсе де олқылықтың орны толмай тұрған сыңайлы. 
Басқарма басшысының сөзіне мән берсек, көрсеткіш жақсарған. Тілге деген ынта-ықылас артып, тіл саясаты оң бағаланып келеді. 

Тақырып бойынша материалдар

Танымал жаңалықтар

"ШАҢЫРАҚ" БАҒДАРЛАМАСЫНА ӨТІНІМ ҚАБЫЛДАУ БАСТАЛДЫ
20:10, 28 қазан 2020
"ШАҢЫРАҚ" БАҒДАРЛАМАСЫНА ӨТІНІМ ҚАБЫЛДАУ БАСТАЛДЫ
Толығырақ...
АҚЫН Т.АЙБЕРГЕНОВ АТЫНДАҒЫ КОНФЕРЕНЦ-ЗАЛ АШЫЛДЫ
15:52, 27 қазан 2020
АҚЫН Т.АЙБЕРГЕНОВ АТЫНДАҒЫ КОНФЕРЕНЦ-ЗАЛ АШЫЛДЫ
Толығырақ...