ШҰҒЫЛ! БАЛАБАҚШАЛАР ЖҰМЫСЫ КЕЙІНГЕ ШЕГЕРІЛДІ Толығырақ

ҚАЗАҚСТАНДА ЖАСАЛҒАН

20:01, 20 мамыр 2020

Еліміздегі 19 миллионға жуық тұрғын тазалау жұмыстары үшін импорттық тауарды пайдаланады. Оның 800 мыңға жуығы біздің өңіріміздің еншісінде. Сұраныс азық-түлік өнімдерімен бірдей. Жасыратыны жоқ, бұл нарық игерілмеген. Осы олқылықтың орнын толтыру үшін жергілікті кәсіпкер тұрмыстық - химиялық тауар шығаруды қолға алды. Дүкен сөрелеріндегі тұрмыстық химия тауарларының тек 5 пайызы ғана отындық өнім. Бұл жағдай көп жылдан бері өзгеріссіз келеді. Шетелдік өндірушілер біздің нарықты жаулап алған.  Десе де жергілікті өндірушілер мұның зиянды жақтарын ескертеді. "Егер сіз шетелдік өнімнің құрамында не бар екенін білсеңіз, оны сатып алуды тоқтатар еді", - дейді тұрмыстық химия шығаратын компания иесі.
АРЫСТАНБЕК ЖҰМАБАЕВ
КОМПАНИЯНЫҢ БАС ДИРЕКТОРЫ
 Әрине, шетелдік өнімдердің барлығын жарамсыз деп айтудан аулақпын. Десе де ол жақтан келген химиялық - тұрмыстық өнімдердің тұтынушыға тигізер зияны да жоқ емес. Сапасын айтпағанда, денсаулыққа тигізер қаупі басым. 
Бүгінде жергілікті тауар өндірушілердің басты мақсаты - шетелдік өндірушілерге лайықты бәсекелес болу, өнімнің сапасы, қолжетімді баға. Бұл бағыттағы нарықты зерттеуге бір жыл уақыт кеткен. Сөйтіп, елде шикізат жоқ болғандықтан, Еуропа мен Азия елдерінен қажетті компоненттерді әкелу туралы шешім қабылдайды. Осылайша, экспортқа тәуелді болмай-ақ өздері қолжетімді өнім шығара бастады.
АНДРЕЙ КРЕСТЬЯНИНОВ
ӨНДІРІС ДИРЕКТОРЫ 
Өндіретін өнімдеріміздің шикізатын шетелден алдырамыз. Бұл жұмыстарға кәсіби мамандарды тарта отырып, жергілікті тұрғындардың пайдалану ыңғайына қарап шығарып жатырмыз.
Қазіргі уақытта компания қызметкерлері халыққа отандық өнімді ұсынып, оны жақын шетелге жеткізуге ниет білдіріп отыр. Сонымен бірге БҚО, Атырау, Ақтау қалаларына тасымалданады. Антисептиктер сұранысқа ие өнім қатарында. Мұнан өзге үйге арналған жуу құралдарының 7 түрі бар.
ЖАНИЯ  ҚҰЖАХМЕТОВА
ӨНДІРІС ҚЫЗМЕТКЕРІ
Облыс көлемінде мұндай өнімдердің көптеп өндіріліп жатқаны қуантады. Отандық өнімдерді қолдай білгеніміз дұрыс. Біріншіден сапалы, екіншіден қауіптілігі жоқ, бағасы да көңілге қонымды. Өзім дүкенге барсам алдымен жергілікті тауарды алуға тырысамын.
Айта кету керек, пандемияға байланысты тұрмыстық химия өнімдері бағасының өскендігі аңғарылады. Алайда, компания басшылығы осы жылдың соңына дейін баға тұрақтылығын басты назарда ұстайды.  
АРЫСТАНБЕК ЖҰМАБАЕВ
КОМПАНИЯНЫҢ БАС ДИРЕКТОРЫ
Әрине, әрбір кәсіпорынның өз жоспары болады. Дегенмен біздің өнімдердің бағалары нарықтағы бәсекелестерімізге қарағанда 10-15 пайызға төмен деп айта аламын.
Компания тағы 10 жаңа тауар түрін сертификаттаудан өткізді. Жақын күндері дүкен сөрелерінде тұратын болады. Инвестицияға келетін болсақ, оларға 100 млн теңгеден астам қаржы салынған. Таза пайда туралы айтуға әлі ерте. Жаңа өндіріс жұмысын бастаса 150 ақтөбелік құрылыс жұмыстарын жүргізеді. 

Тақырып бойынша материалдар

ТАЕКВОНДОШЫЛАРҒА КАРАНТИН КЕДЕРГІ ЕМЕС
22:38, 26 мамыр 2020
ТАЕКВОНДОШЫЛАРҒА КАРАНТИН КЕДЕРГІ ЕМЕС
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар