ШҰҒЫЛ! КАРАНТИН ЕРЕЖЕСІН БҰЗДЫ Толығырақ

КЕЛЕЛІ КЕЗДЕСУ

22:18, 3 шілде 2020

 1991 жыл. Қазақ елі тәуелсіздігін алып, мемлекет басшысы болып Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев сайланды. Шекарамыз шегеленіп, ұлттық теңге бекітілді. 1992 жылы Президент іссапармен Қазақстанның барлық өңіріне барды. Ақтөбеге де ат басын бұрып, Әйтеке би ауданының жұртшылығымен жүздесті. Еңбек ардагері, сол кездегі ауыл шаруашылығы саласының маманы Қуандық ата Елбасымен жүздесіп, бата берген сәтін ерекше толғаныспен еске алады.  Қария естелігімен тілшіміз бөліседі. Ақсақал 28 жыл бұрынғы оқиғаны ерекше ықыласпен еске алды. "Ол кезде Комсомолдың шөбі шүйгін еді. Ат баптап, мал бағауға таптырмас өлке", -  дейді. Елбасымен  кездесу де осы өңірде болған.  Азаттық алғаннан кейінгі Президенттің алғашқы сапарына орай, Қуандық атаға арнайы тапсырма беріліпті. Жиналған қауымның  санында есеп жоқ. Нұрсұлтан Әбішұлына ел ақсақалы бата беріп, шапан жабады. Ал  Қуандық ата дүйім жұрттың алдында Президентке ауыл атынан Ақбақай атты табыс етеді.  Бабында тұрған тұлпар Елбасы үзеңгіге аяқ салған сәттен-ақ тыпыршып, бір орнында тұра алмаған. Сол себепті атты аэропортқа өзі апарыпты. Тұңғыш Президентке тарту еткен сегіз өрімді қамшы -  көшбасшылықтың символы. Елдің алғысына бөленіп,  үлкеннің батасын алған Нұрсұлтан Әбішұлы бүгінде әлемдік деңгейдегі саясаткер. Осының өзі "батамен көгерген елдің" тектілігінің дәлелі. 

Әсем Самбаева

Тақырып бойынша материалдар

МЕКТЕП-ИНТЕРНАТ ҚҰРЫЛЫСЫ АЯҚТАЛУҒА ЖАҚЫН
16:57, 7 тамыз 2020
МЕКТЕП-ИНТЕРНАТ ҚҰРЫЛЫСЫ АЯҚТАЛУҒА ЖАҚЫН
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар