ШҰҒЫЛ! #САУЛЫҚСАҚТЫҚТА Толығырақ

КЕЛЕЛІ КЕЗДЕСУ

19:06, 26 қазан 2020

Ақтөбедегі Ауған соғысы ардагерлері ассоциациясы мүшелерінің кезекті сапары Алға ауданында жалғасты. Олар жас буынды отансүйгіштікке тәрбиелеп, патриоттық сезімін қалыптастыру бағытында игі істі қолға алған еді. Ауданның Қарабұлақ ауылында басталған шарада ақсақалдармен кеңесіп, жастардың да сауалына жауап берді.
Қарабұлақ - аталған кеңестің төрағасы Марат Қойлыбаевтың туған ауылы. Ауған соғысының ардагері ауылдастарымен кездесіп, ашық-жарқын сұхбат құрды. Сапар мақсатын түсіндіріп, ұлттық рух, тәрбие, елге қызмет жасау тақырыбында келелі әңгіме өрбітті. Айта кетейік, Марат Қойлыбаев туған ауылына мешіт көтеріп, клубын жаңартып берген азамат. Ауылдастары атамекенге үнемі қамқорлық танытып жүрер ардагерін мақтан етеді
Ардагерлер ауыл ажарына өң беріп тұрған мешітте болып, жамағатпен кездесті. Аудан орталығында жергілікті ақсақалдармен өткен жиында елдік мәселелер сөз болды.  
Аудан әкімі Мамырғали Аққағазов өңірдегі жұмыстар жайына тоқталды. Ауған соғысы және Чернобль апатының ардагерлері сапар мақсатын түсіндірді. 
Жастар демекші, қай заманнан да қоғамның қозғаушы күші боп саналатын буынмен ардагерлер бөлек әңгіме-дүкен құрды. Кездесуде оларды білім алуға, еңбек етуге шақырды. Олардың қойған сұрақтарына жауап берді.
Осымен 11-ші ауданда болып, сапарларын сәтті аяқтаған ауған соғысының ардагерлері мұндай шаралардың жалғасатынын айтты.

Дархан Мектепбай

Тақырып бойынша материалдар

17 МЫҢ АДАМ ҚАРЖЫ ПИРАМИДАСЫНЫҢ ҚҰРЫҒЫНА ІЛІНГЕН
20:00, 27 қараша 2020
17 МЫҢ АДАМ ҚАРЖЫ ПИРАМИДАСЫНЫҢ ҚҰРЫҒЫНА ІЛІНГЕН
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

АУЫР САЛМАҚТЫ ЖҮК КӨЛІКТЕРІ САЛДАРЫНАН ЖОЛДАР БҮЛІНІП ЖАТЫР
20:00, 26 қараша 2020
АУЫР САЛМАҚТЫ ЖҮК КӨЛІКТЕРІ САЛДАРЫНАН ЖОЛДАР БҮЛІНІП ЖАТЫР
Толығырақ...
ТЕЛЕАРНА ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІ МЕКТЕП ОҚУШЫЛАРЫМЕН КЕЗДЕСТІ
16:20, 23 қараша 2020
ТЕЛЕАРНА ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІ МЕКТЕП ОҚУШЫЛАРЫМЕН КЕЗДЕСТІ
Толығырақ...