ШҰҒЫЛ! ҚАЛАДА 16 ҮЙ АПАТТЫ ЖАҒДАЙДА ТҰР Толығырақ

Кемемодельдеу спортынан ашық біріншілік өтті

18:53, 8 ақпан 2018

Облыс бойынша 90-ға жуық оқушы кемемодельдеу спортынан өткен жарысқа қатысты. Балалар әскери және азаматтық кемелердің шағын үлгілерін  жасап әкелді. Бұл шара қалалық техникалық шығармашылық орталығында ұйымдастырылды.

Мұнда мұхитта жүзитін алып кемелердің шағын көшірмесін көруге болады: әскери, азаматтық кемелер, сүңгуір қайықтардың бірнеше түрі бар. Ашық жеке-командалық біріншілік 30 жылдан бері дәстүрлі түрде өткізіліп келеді.

15 жасар Медет Әбдірахманов жолаушы тасымалдайтын азаматтық кемені жасау үшін  9 айға жуық еңбектенген. Техникалық орталыққа 1 жыл бұрын келіп, қызығушылығы күннен күнге артып келеді. Жоғары нәтижелерге қол жеткізіп жүр.

Кемемодельдеу спорты алдымен төзімді қажет етеді. Мұғалімдердің айтуынша, мұндай үйірмелер баланы өнертапқыш етеді. Техникалық орталыққа үзбей келетін балалар дайын инженер болып шығады дейді  ұстаздар. Қазір мұнда 200-ге жуық бала  түрлі үйірмелерге қатысады. Еліміз бойынша  үздік техникалық орталық саналады, оның дәлелі жарыстардан ұтып алған ондаған алтын медальдар.

ТОМАС КЕСТЕР, БАС ТӨРЕШІ

- Кемемодельдеу - өңірде  қарқынды дамып келе жатқан спорт түрі. Мұны біз Қазақстан чемпионатының қорытындысы бойынша айта аламыз. Жарыстардан біз үнемі жүлдемен ораламыз. Мысалы, 2015-ші жылы 38 медаль жеңіп алдық, 2016-шы жылдың нәтижесі - 36 медаль. Бұл - өте үздік көрсеткіш. Біздің бапкерлеріміздің барлығы дерлік жоғары білікті мамандар. Дәрежесі мен атақтары бар

Өкінішке орай, спорт басқармасы техникалық шығармашылық  орталықты қолдауды тоқтатқан. Сондықтан, өткен жылы жарысқа балалар жарты құраммен барып қайтты. Нәтижесінде 20 медаль ғана ұтып алды.

Тақырып бойынша материалдар

Танымал жаңалықтар

МОДЕРНИЗАЦИЯҒА БАҒЫТТАЛҒАН ҚАРЖЫ МАҚСАТТЫ ЖҰМСАЛУЫ ТИІС
21:05, 12 қараша 2018
МОДЕРНИЗАЦИЯҒА БАҒЫТТАЛҒАН ҚАРЖЫ МАҚСАТТЫ ЖҰМСАЛУЫ ТИІС
Толығырақ...