ШҰҒЫЛ! БАЛАБАҚШАЛАР ЖҰМЫСЫ КЕЙІНГЕ ШЕГЕРІЛДІ Толығырақ

КЕН ОРЫНДАРЫ САРҚЫЛЫП ЖАТЫР

16:32, 18 ақпан 2020

Экология, геология және табиғи ресурстар министрі Мағзұм Мырзағалиев кен орындарында өндіру көлемінің төмендеуіне алаңдаушылық білдірді. Мысалы, Қызылорда облысында жыл сайын мұнай өндірудің көлемі 1 млн тоннаға дейін төмендеуде. Осы мәселе таяу арада Ақтөбе мен Маңғыстау облыстарында да болжануда. "Соңғы он жылдықта Шығыс Қазақстандағы моноқалаларға жақын кейбір кен орындарында пайдалы қазба қорларының толықтай сарқылуы күтілуде", - деді Мағзұм Мырзағалиев. Айта кетейік, негізі елімізде 8 мыңға жуық кен орны тіркелген. Оның ішінде 317-сі көмірсутек, яғни, мұнай - газ, конденсат кен орындары бар. Мұнан бөлек, 910 қатты пайдалы қазбалар кен орны болса, 3 мыңнан астамы кең таралған пайдалы қазбаларға тиесілі. 

Тақырып бойынша материалдар

Танымал жаңалықтар