ШҰҒЫЛ! "БАҚЫТТЫ ОТБАСЫ" БАҒДАРЛАМАСЫНА ҚОСЫМША ҚҰЖАТТАР ҚАБЫЛДАНАДЫ Толығырақ

КЕҢЕС ӘСКЕРІНІҢ АУҒАНСТАННАН ШЫҒАРЫЛҒАНЫНА - 30 ЖЫЛ

18:02, 11 ақпан 2019

15-ші ақпан күні Кеңес әскерінің Ауғанстаннан шағырылғанына 30 жыл толады. Бұл- Кеңес Одағы тұсын­дағы тарихтың ең қайғылы бет­те­рі­нің бірі. Он жылға жуық Ауғанстандағы әскерилер құра­мында Қазақстаннан 22 269 жауын­гер міндетін атқарды. Олардың 924-і ерлікпен қаза тапты, 21 адам хабар-ошарсыз кетті, мыңдаған жігіт елге мүгедек болып оралды. Ақтөбе облысынан 1500 ер жігіт қатысты. 100 ақтөбелік жауынгер ерлігі үшін әскери марапаттарға ие болды.  Оққа ұшқан 32 жерлесіміз мүгедек атанды.  Ауған жерінен 26 азаматымыз  оралмады. Қазіргі таңда өңірде Ауған соғысының 900 ардагері тұрып жатыр. Жыл сайын бұл күні олар қаруластарының қабіріне барып тағзым етіп, еске алады. Бүгін қоғамдық бірлестік өкілдері өтетін шаралар туралы ой бөлісті.

Мерейлі датаға орай,  "Ер-Бақыт" спорттық-патриоттық клубының төрағасы Марат Қойлыбаев Құдайберген Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік университетінің жанынан  тақырыптық музей-аудитория ашуды жоспарлап отыр.

Тақырып бойынша материалдар

ҚҰМАР ОЙЫН ҰЙЫМДАСТЫРҒАНДАР ҚҰРЫҚТАЛДЫ
19:30, 21 тамыз 2019
ҚҰМАР ОЙЫН ҰЙЫМДАСТЫРҒАНДАР ҚҰРЫҚТАЛДЫ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

"БАҚЫТТЫ ОТБАСЫ" БАҒДАРЛАМАСЫНА ҚОСЫМША ҚҰЖАТТАР ҚАБЫЛДАНАДЫ
16:08, 15 тамыз 2019
"БАҚЫТТЫ ОТБАСЫ" БАҒДАРЛАМАСЫНА ҚОСЫМША ҚҰЖАТТАР ҚАБЫЛДАНАДЫ...
Толығырақ...
2020 ЖЫЛЫ МІНДЕТТІ ӘЛЕУМЕТТІК МЕДИЦИНАЛЫҚ САҚТАНДЫРУ ЖҮЙЕСІ ЕНГІЗІЛЕДІ
15:43, 15 тамыз 2019
2020 ЖЫЛЫ МІНДЕТТІ ӘЛЕУМЕТТІК МЕДИЦИНАЛЫҚ САҚТАНДЫРУ ЖҮЙЕСІ...
Толығырақ...