ШҰҒЫЛ! БІЛІМ БЕРУ САЛАСЫНЫҢ ЖАЙ-КҮЙІ ТАЛҚЫЛАНДЫ Толығырақ

КӘРІЗ ЖҮЙЕСІ ІСТЕН ШЫҚҚАН

13:36, 22 шілде 2019

"Жолдағы қабылдау" акциясы аясында Олег Кошевой көшесі бойындағы нөмірі 113 үйдің тұрғындары полицияға арыз-шағым айтты. Үйде кәріз жүйесі істен шыққан. Тұрғындардың айтуынша, пәтер иелері кооперативі жүйені жөндедік дейді, бірақ жөндеу жұмыстары туралы есеп бермейді. Жергілікті полиция бұл сұрақты жауапты органдарға жеткізіп, мәселені біржақты етеміз деп уәде берді. Олег Кошевой көшесіндегі нөмірі 113-ші үйдің жертөлесі расында лай судан толып кеткен. Тұрғындар бес жылдан бері жеке пәтер иелері кооперативінің жұмысына шағым айтып келеді. Олардың айтуынша, алты ай қыста жылу жүйесі жиі істен шығады. Ал жаз айларында кәріз құбыры проблема туғызады. Тұрғындар жөндеуге қаражат жинап берсек те, үйдің жертөлесі апаттық жағдайда әлі тұр деп ашу шақырды.  Жеке  пәтер иелері кооперативінің өкілдері расында да шу шыққан жерде болмай шықты. Полиция басқармасының басшылары тұрғындар шағымын тыңдап, жазып алды. Олар жуық арада мәселені қарау үшін жауапты органдарға жолдаймыз деді.

ӘЛІМЖАН  АҚҚАЛЖАНОВ /ЖЕРГІЛІКТІ ПОЛИЦИЯ ҚЫЗМЕТІ БАСТЫҒЫ ОРЫНБАСАРЫНЫҢ МІНДЕТІН АТҚАРУШЫ

- Қазір ғана тұрғындардан жеке пәтер иелері кооперативінің үстінен арыз түсті. Тұрғындар ай сайын жөндеу жұмыстарына, жылу жүйесіне, басқа да коммуналдық төлемдерді төлеп отырмыз дейді. Алайда пәтер иелері кооперативі құбырларды, жертөлені жөндемейді екен. Біз бұл мәселені тиісті органдарға жеткіземіз. Және бір аптада жауабын айтамыз.

Айта кету керек, "Жолда қабылдау" акциясы ай сайын өтеді. Жолда ғана емес, аулаларда да тұрғындарды әртүрлі мәселелерімен қабылдайды.

Тақырып бойынша материалдар

ТҮНДЕ КӨШЕДЕ ЖҮРГЕН ЖАСӨСПІРІМДЕР ПОЛИЦИЯ БӨЛІМІНЕ ЖЕТКІЗІЛДІ
21:14, 6 желтоқсан 2019
ТҮНДЕ КӨШЕДЕ ЖҮРГЕН ЖАСӨСПІРІМДЕР ПОЛИЦИЯ БӨЛІМІНЕ ЖЕТКІЗІЛД...
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

19:38, 5 желтоқсан 2019
ОҚУШЫЛАР АРАСЫНДА ПӘНДІК ОЛИМПИАДА БАСТАЛДЫ
Толығырақ...
ЖАУАПСЫЗ БАСШЫЛАР ЖҰМЫСТАН БОСАТЫЛАДЫ
21:30, 4 желтоқсан 2019
ЖАУАПСЫЗ БАСШЫЛАР ЖҰМЫСТАН БОСАТЫЛАДЫ
Толығырақ...
ЕСТУ ҚАБІЛЕТІ ТӨМЕН БАЛАЛАР ҚАМҚОРЛЫҚҚА АЛЫНДЫ
18:29, 5 желтоқсан 2019
ЕСТУ ҚАБІЛЕТІ ТӨМЕН БАЛАЛАР ҚАМҚОРЛЫҚҚА АЛЫНДЫ
Толығырақ...