ШҰҒЫЛ! КАРАНТИН ЕРЕЖЕСІН БҰЗДЫ Толығырақ

КӘСІПКЕР КӨМЕГІ

23:24, 30 шілде 2020

 Әр шаңыраққа бір марқадан. Құрбан айт қарсаңында Хромтау ауданына қарасты Оңғар ауылының кәсіпкері осындай қағидамен қорасынан қой үлестірді. Бұл ауылда 86 түтін бар. Әр үйге Шопан ата төлін таратты. Ізгілікке бастайтын мерекеде игі іс атқарған ауыл азаматының ісіне әріптесім Аққалқа Болатбекқызы куә болды. Келесі бейнесюжеттен көріңіз. Қоралы қойдың ішінен таңдап жүріп марқа ұстаған жігіттердің қимылы ширақ. Оңғар ауылындағы «Данияр» шаруашылығының жұмысшылары таңсәріден ауылдың әр үйіне бір марқадан таратып жүр. Төлдің бірі - Қуандық ақсақалдың ауласына да жетіп, қорадағы қой саны артты.   Ауылдағы 86 шаңырақ жерлесі Серік Оразымбетовке алғысын айтып, батасын берді. Бұдан өзге шаруашылықта еңбек етіп жүрген 40 жұмысшы бар. Оларға да бір марқадан тиді. Бірі-індет кезінде сорпалап ішуді ойласа, енді бірі - ырым етіп төл басы етпекші. 126  марқадан шаруашылық қорасы ортайып, ырысы азаймайды. Есесіне алғыс алған арымас,-дейді кәсіпкер Серік аға.Серік Оразымбетов төрт түлік ішінен қой көбейтуді жолға қойған. Ісін 3 жыл бұрын 1 700 қоймен бастады. Қазір жайылымда 5 мыңға жуық Шопан ата төлі бар. Алдағы уақытта тұқымын асылдандырып, әлі де отарын еселемек. Кәсіптің бірнеше түрін игеріп жүрген бұл отбасы мал сою цехінің құрылысын бастағалы отыр. Серік Оразымбетов істің берекелі болуы үшін игілікті әрекеттің артықшылығы жоқ деп пайымдайды. Ол 3 жылдан бері ауыл тұрғындарына осылай қой үлестіруді дәстүрге айналдырған. Оңғар ауылындағы қайырымдылық шарасы көпке ой саларлық.  

Тақырып бойынша материалдар

МЕКТЕП-ИНТЕРНАТ ҚҰРЫЛЫСЫ АЯҚТАЛУҒА ЖАҚЫН
16:57, 7 тамыз 2020
МЕКТЕП-ИНТЕРНАТ ҚҰРЫЛЫСЫ АЯҚТАЛУҒА ЖАҚЫН
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар