ШҰҒЫЛ! COVID-19: ҚАЗАҚСТАН "ҚЫЗЫЛ" АЙМАҚҚА КІРДІ Толығырақ

КӘСІПКЕРЛЕР ҚАТАРЫ КӨБЕЙДІ

20:00, 13 қаңтар 2021

Кәсіппен айналысып, еңбек етемін деген жанға мемлекет қолайлы мүмкіндік қарастырған. Өткен жылы "Қарапайым заттар экономикасы" бағдарламасы аясында көптеген ақтөбелік несие алып, кәсібін бастады. Сөйтіп, өңірімізде 54 млрд теңгені құрайтын 200-ден астам жоба іске асты. Биыл бұл бағдарламаға тағы да тиімді өзгерістер енді.

Бұрын кәсіпкерлік үшін несиені тек екінші деңгейдегі банктер ғана бере алатын болса, енді бұл тізімге кредиттік серіктестіктер енгізілді. Сөйтіп қаржы алу қолжетімді бола түсті. Ауыл кәсіпкерлері үшін  көбіне кепілдің болмауы кедергі болатын. Енді олар қаржылық қолдау қорына сене алады. 

"Қарапайым заттар экономикасы" бағдарламасы арқылы кәсібін бастағандар қатары көбейіп келеді. Олардың кәсіптері де әртүрлі. Жауапты маманның айтуынша, өңірде тоқыма, тамақ өнімдері мен жиһаз өндірісі жақсы дамып келеді. 
Сондай кәсіпкерлердің бірі - АРКАДИЙ  ЯКОВЛЕВ! Ол бірнеше жылдан бері палстикалық терезе дайындаумен айналысып келеді. Өткен жылы "Қарапайым заттар экономикасы" бағдарламасы бойынша қомақты несие алып, кәсібін ұлғайтқан.

АРКАДИЙ  ЯКОВЛЕВ
КӘСІПКЕР
Біз өткен жылы өндірісімізді кеңейту үшін үлкен тәукелген бардық. Сөйтіп, бұл бағдарлама бойынша 240 млн теңге несие алдық. Оның жартысына қажетті құрал-жабдық алсақ, жартысы құрылыс жұмысына жұмсалды. Бізге жер беріп, құжатымызды рәсімдеуге көмектесіп, қолдау білдірген мемлекеттік мекемелерге алғыс айтқым келеді.  

Бүгінде 60-қа жуық тұрғынды еңбекпен қамтыған кәсіпкер мемлектеттің қолдауына разы. Зауытына қажетті құрал-жабдықты Ресей, Түркия елінен алдырған. Айта кетейік, бүгінде облыс көлемінде 59-мыңға жуық кәсіпкер тіркелген. 

Дархан МЕКТЕПБАЙ

Тақырып бойынша материалдар

БИЫЛ АМАНГЕЛДІ АУЫЛЫНА КӨГІЛДІР ОТЫН ЖЕТКІЗІЛЕДІ
20:00, 26 қаңтар 2021
БИЫЛ АМАНГЕЛДІ АУЫЛЫНА КӨГІЛДІР ОТЫН ЖЕТКІЗІЛЕДІ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар