ШҰҒЫЛ! БАЛАБАҚШАЛАР ЖҰМЫСЫ КЕЙІНГЕ ШЕГЕРІЛДІ Толығырақ

КӘСІПКЕРЛЕРГЕ ҚЫСЫМ ЖАСАУҒА ЖОЛ БЕРІЛМЕЙДІ

17:05, 20 тамыз 2019

Ақтөбеде қысым көрген кәсіпкерге көмек көрсетілді. Өз ісіне кедергі келтірген тараптың үстінен шағым айтқан кәсіп иесі "Ақтөбе - адалдық алаңының" қызметіне жүгінуге мәжбүр болған. Жыл басынан бері облыста шағын және орта бизнес өкілдерінің жұмысына кедергі келтіру бойынша 4 дерек тіркелген. Салдарынан шағын және орта бизнесті нәсіп етіп жүргендердің кәсібі тұралапты. Мұраттың жеке кәсіппен айналысқанына бес жыл. Сұраныс бойынша тұтынушы тауарларын жеткізіп береді. Облыстан бөлек, республика көлемінде жүк көліктерімен тасымалдау қызметін көрсетеді. Даудың басы мемлекеттік сатып алулар конкурсына қатысудан басталды дейді ол. Кейін кәсібін жүргізу үшін қомақты қаржы ұтып алған Мұратқа қысым көрсетіле бастайды. Кәсібім екі ай тұралап, амалым қалмаған соң "Ақтөбе - адалдық алаңы" қызметіне жүгінгенін айтады. Мемлекеттік қызметтерде ашықтықтың болмауы түптеп келгенде кәсіп иелерінің ісіне кедергі келтіреді,-дейді мамандар. Жыл басынан бері "Ақтөбе - адалдық алаңы" қызметкерлері кеңес сұрап келген 53 бизнес субьектісіне көмектескен. Жобалық кеңсе қызметкерлерінің сөзінше, көбінесе кәсіпкерлерден  артық құжаттар сұратып,  мемлекеттік қызметтерді уақытынан кеш көрсету деректері көптеп тіркеледі екен. Сонымен қатар, олардың  сотқа жүгінуіне кедергі келтіру жайттары да кездеседі.

АЗАМАТ ӘБІЛҚАЙЫР

 

Тақырып бойынша материалдар

"ҮЗДІК МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТШІ" БАЙҚАУЫ БАСТАЛДЫ
21:20, 22 мамыр 2020
"ҮЗДІК МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТШІ" БАЙҚАУЫ БАСТАЛДЫ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

БАЛАБАҚШАЛАР ЖҰМЫСЫ КЕЙІНГЕ ШЕГЕРІЛДІ
19:21, 18 мамыр 2020
БАЛАБАҚШАЛАР ЖҰМЫСЫ КЕЙІНГЕ ШЕГЕРІЛДІ
Толығырақ...