ШҰҒЫЛ! ЕРЛІ-ЗАЙЫПТЫ ІНДЕТКЕ ШАЛДЫҚТЫ Толығырақ

КӘСІПКЕРЛІК БІЛІМ БЕРУДІ ДАМЫТУ

19:34, 6 маусым 2018

Ақтөбеде тұрғындарды бизнеске баулу, кәсіпкерлік білім беруді  дамыту қажет. Бүгін бұл туралы Алматыда өткен екінші халықаралық форумға қатысып келген ақтөбеліктер айтты. Оған 12 елден 500-ге жуық университет, колледж және бизнес қауымдастықтың өкілдері қатысты. Толығырақ Жұлдыз Алмасқызы баяндайды

Кәсіпкерлік білім беру тек, колледж және жоғары оқу орындарында ғана емес, мектептерде де болуы керек. Бұл тәжірибе әлемнің жетекші мемлекеттерінде кеңінен таралған. Әсіресе, Балтық елдері мен Еуропада қарқынды дамып жатыр. Жастарды бизнеске баулу үшін біздің өңірде де қолайлы жағдай жасалуда.

АНАР ДАРЖАНОВА

ОБЛЫСТЫҚ КӘСІПКЕРЛІК БАСҚАРМАСЫНЫҢ БАСШЫСЫ

Қаладағы нөмірі 20-шы гимназияның 10-шы "б" класында кәсіпкерлік білім бойынша сабақ өтеді. Біз, бұл сыныпқа барғанымызда, балалардың бизнеске деген қызығушылығын байқадық. Кейін, кәсіпкерлерді шақырып, тренинг ұйымдастырдық. Бұдан бөлек, "Даму" қоры, "Атамекен" палатасы мен Еуропалық қайта құру және даму банкінің өкілдері барды. Бұл, кәсіпкерлікті дамытудың алғашраттары. Яғни, болашақта жастарымыз өзін еңбекпен қамти алады деген сөз.

Кәсіпкерлік білім беру қазір Құдайберген Жұбанов атындағы өңірлік университетте қолға алынды. Мұндағы жастар республикалық, халықаралық байқауларға қатысып, жобаларын қорғап жүр. Мәселен, студенттердің бірі мобильді 3D планетарийін жасап шығарған. 

Екінші халықаралық форумға Жұбанов университетінен бөлек, Ақтөбе политехникалық колледжінің өкілдері де қатысқан. Әлемнің әр түкпірінен барған мамандардың тәжірибесін көрдік дейді олар.

Жұлдыз Алмасқызы

Тақырып бойынша материалдар

ЕЛ ЕҢСЕСІН КӨТЕРЕТІН БЕЙНЕБАЯН ТҮСІРІЛДІ
22:25, 3 сәуір 2020
ЕЛ ЕҢСЕСІН КӨТЕРЕТІН БЕЙНЕБАЯН ТҮСІРІЛДІ
Толығырақ...
ӨҢІРДЕ КОММУНАЛДЫҚ ҚЫЗМЕТТІҢ ТАРИФІ ТӨМЕНДЕДІ
22:18, 3 сәуір 2020
ӨҢІРДЕ КОММУНАЛДЫҚ ҚЫЗМЕТТІҢ ТАРИФІ ТӨМЕНДЕДІ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар