ШҰҒЫЛ! COVID-19: ҚАЗАҚСТАН "ҚЫЗЫЛ" АЙМАҚҚА КІРДІ Толығырақ

КӘСІПКЕРЛІК ҚЫРЫН ҮЙРЕТЕДІ

13:00, 14 қаңтар 2021

Кәсіпкерлік саласында әйелдер белсенділік танытып келеді. Оған мемлекет тарапынан түрлі қолдау бар. Елімізде "Микробизнестегі әйелдер" онлайн жобасы басталды. Аталған жобаны Еуропа Қайта Құру және даму банкі Ұлттық экономика министрлігінің қаржылай қолдауымен жүзеге асырады. Айта кетейік, өз бизнесін жаңа бастаған әйелдерді қолдауға бағытталған жоба биыл екінші рет өткізіліп отыр. 

АЙЖАН ДҮЙСЕБАЕВА
ОҚЫТУ ОРТАЛЫҒЫНЫҢ ДИРЕКТОРЫ
 Бұл жобада әрбір қатысушыға кәсіби мамандар бес ай бойы кеңес беріп, оқытады. Биыл пандемияға байланысты дәрісіміз онлайн режимде өтеді. Бұл осы жобаға қатысып, оқимын деген қыз-келіншектер үшін үлкен мүмкіндік.

 Бұл бағдарламаға қатысушылар алдымен іріктеуден өтеді. Талапкерлердің құжаттары қаңтар айының соңына дейін қабылданады. Жобаға өткен жылы 373 кәсіпкер қатысса, биыл мыңға жуық әйелді оқытуға мүмкіндік бар. Мұнда олар ақпан айынан мамыр айына дейін кәсіпкерліктің түрлі бағыты бойынша дәріс алады.  

Тақырып бойынша материалдар

БИЫЛ АМАНГЕЛДІ АУЫЛЫНА КӨГІЛДІР ОТЫН ЖЕТКІЗІЛЕДІ
20:00, 26 қаңтар 2021
БИЫЛ АМАНГЕЛДІ АУЫЛЫНА КӨГІЛДІР ОТЫН ЖЕТКІЗІЛЕДІ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар